Өркениет

"Өзбекстан тумасы": Аша Матайдың жеңгесі туралы не білеміз

  • Фото: Instagram/jarkynaixanaiym. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

    Фото: Instagram/jarkynaixanaiym. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Отандық танымал тележүргізуші Аша Матайдың туған ағасы үйіне келін түсіріп, ата-анасын қуантты. Сымбатты бойдақтар қатарында болған Айдар Асқарбектің жүрегін Жарқынай Ханайым есімді ару жаулап алған. Бойжеткен әншілік пен актрисалық қызметін қатар алып жүр. Шоу-бизнес саласында жұмыс істейтін қалыңдық жайлы тың мәліметті KAZ.NUR.KZ материалынан біле аласыздар.

 

Жарқынай Ханайым өзі жайлы еш жерде айтылмаған ақпаратпен "Опмай-Опмай" бағдарламасына берген сұхбаты барысында бөлісті.

 

Белгілі болғандай, ол күйеу жігітінің жұлдызды тәтесі, продюсер Баян Алагөзованың қол астында қызмет етіп жүрген. Ал болашақ жолдасымен таныстығы "Заура" атты телехикаяның түсірілімінде болыпты.

 

Атышулы продюсер қос ғашықтың тоғысуына елеулі түрде маңызды рөл атқарған болып шықты. Жарқынай мен Айдар аталмыш сериалда басты рөлдерді сомдады.

 

Сонымен қатар, жұлдызды әулеттің келіні Қазақстан тумасы болмай шықты.

 

Анықталғандай, қалыңдық Өзбекстан елінде дүниеге келген. Ата-анасы бүгінде "Нұр-Сұлтан қаласында тұрады.

Жарқынай отбасындағы жалғыз перзент екен.

 

"Ол кісілер Нұр-Сұлтан қаласында тұрады. Жақында таныстық орын алады. Мен ата-анамның жалғыз қызымын. Әке-шешмнің көзінің ағы мен қарасымын. Ата-анам өте қарапайым жандар. Мені өсіріп тәрбиеледі.
Өзім Өзбекстан мемлекетінде Ташкент облысына қарасты Бостандық қаласында туып өстім. Ол бұрынғы Қазақстан жері болған.

 

Сосын Қазақстанға бауырларымды іздеп келдім, оқыдым. Музыкалық колледж бен академияда аяқтадым. "Астана мюзикл" театрында жұмыс істедім. 2019 жылдың басында продюсерлерімнен қайтадан Алматыға шақырту алып, "Рауза" телехикаясының түсірімінде болашақ жолдасыммен таныстым" , - деп ағынан жарылды қалыңдық.

 

Айта кетейік, Аша Матайдың отбасы күні кеше ғана келін түсіріп, беташар рәсімін өткізген болатын.

 

ВИДЕО: www.youtube.com/watch

 




Көрілген: 3873    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 11.03.2020, 15:37

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31