Өркениет

«Өзім де алданып қалдым»: Әнші Айқын «Гарант 24» жарнамасына түскені үшін кешірім сұрады

  • «Өзім де алданып қалдым»: Әнші Айқын «Гарант 24» жарнамасына түскені үшін кешірім сұрады

    «Өзім де алданып қалдым»: Әнші Айқын «Гарант 24» жарнамасына түскені үшін кешірім сұрады

 «Гарант 24» жарнамасына түскен Айқын Төлепберген көпшіліктен кешірім сұрады. Айтуынша, ол да алданып қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Құрметті достар, мен Айқын Төлепберген кеше ғана жабылып қалған ломбард "24" туралы өз пікірімді білдірсем деймін. Ол компанияға менің ешқандай қатысым жоқ. Мен де сіздер сияқты алданып қалдым. Ол жерге мені досым ертіп барған еді. Яғни, көлігіңді қымбатқа сата аласың немесе арзанға көлік аласың деді. Мен де сіздер сияқты олардың құжаттарына сендім. Қазақстан бойынша олардың филиалдары көп екен. Тіпті кейбіреуі арзанға үй сатып, қымбатқа көліктерін де сатқанын көрдім. Бірақ ақшаны салып екі есе пайызбен алатыны туралы естімедім. Мен тек қана көлікті қымбатқа өткізуге болатыны туралы айттым. Сөйтіп арзан бағаға шығатын көлікті күттім. Бірақ алданып қалдым. Кейбір достарым арзанға көлік сатып алған. Мен сол үшін де жарнамаға түскен едім. Бірақ маған сеніп сол компанияға алданып қалғандарыңыз болса, кешірім сұраймын», - деді Айқын Төлепберген өзінің instagram.com-парақшасында.

Сондай-ақ, әнші егер бұл компанияның қаражатты пирамида екенін білгенде жарнамаға түсуге келіспеуші едім деп ақталды.

Stan.kz




Көрілген: 362    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 24.02.2020, 08:44

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30