«Өзімді өлтірейін бе?». Вайнердің әйелі Тоқаевтан көмек сұрады

25 сәуір 2022, 17:15

Ол шыншыл және адал азамат ретінде куәгерлік етіп, тергеу органдарының шақыртуынан қашқан емес. Мейіржан Төребаев «қаржы пирамидасын құрды» деп айыпталып, қамауға алынған болатын.

Белгілі вайнердің жары Дана Есеева президенттен көмек сұрап, үндеу жариялады, деп хабарлайды Halyq Uni. 

Мейіржан Төребаевтың әйелі тергеу органдарының әрекетіне наразылығын білдірді. Оның айтуынша, Төребаев алғаш рет тергеу органдарына Mudaraban Capital компаниясының қызметіне қатысты жауап алу үшін 2021 жылы 1 шілдеде шақырылған. 

«Сол күннен бері менің күйеуім аталған істі ашуға еш кедергі келтірмеді. Ол шыншыл және адал азамат ретінде куәгерлік етіп, тергеу органдарының шақыртуынан қашқан емес. Мен тергеу күйеуімнің фильмдер мен сериалдар актері, сценарисі және режиссері, сондай-ақ әлеуметтік желілердің белсенді қолданушысы болғандықтан оны айыптау үшін жүргізіліп жатыр деп есептеймін», - деді Есеева үндеуінде.

Бұған қоса, ол 2022 жылғы 19 сәуірде Алматы қаласының тергеу соты күйеуін 10 тәулікке қамауға алғанын айтты. 

«Полиция департаменті бұл бастамаға ықпал етті. Тергеу барысында Алматы қаласы полиция департаментінің қызметкерлері, оның ішінде департамент бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов өзінің баспасөз мәслихатында жәбірленуші оған блогерлерді қамауға алуды талап етіп, қабылдауға келгенін айтады. Содан кейін жәбірленуші өзін-өзі өртеуге әрекет жасады. Бұл үлкен қоғамдық резонанс тудырды», - деп қосты Дана Есеева. 

Оның айтуынша, қазақстандық қоғам белсенділері мен өнер адамдары вайнердің қамауына қатысты наразылық білдірген. 

Қоғам менің жұбайымды қамауға алынуын оған жасалған негізсіз қысым және репрессия деп қабылдайды. Рустам Әбдірахмановтың баспасөз мәслихатында жасаған мәлімдесіндегі логикаға сүйенсек, мен бес баланың анасы ретінде қоғамдық резонанс тудыру үшін өзімді өлтіруім керек пе?, - деді Есеева. 

Сонымен қатар ол үндеуінің соңында Қасым-Жомарт Тоқаевтан көмек сұрады. 

«Мен сіздің жеке парасаттылығыңызға, бұнымен бірге заң үстемдігіне сенемін. Және де сізден осы жағдайға жеке араласуыңызды сұраймын. Менің жұбайым әлеуметке қауіп төндірмейді. Тергеуге кедергі келтірмейді. Тұрақты тұруға рұқсаты бар Қазақстан азаматы. Ешқашан жасырынуға тырыспады және қазір оны күзетпен ұстауға негіз жоқ», - деп қорытындылады Есеева.