"Өзіміз отырып шай ішейік": Дубайдағы концертінде қазақша қалжыңдаған Димаш елді күлдірді

30 наурыз 2022, 16:09

Димаш Құдайберген Дубайдағы концертінде болған қызықты сәттің видеосын жариялады. Онда әнші қазақ тілінде әзілдеп, жиылған жұртты күлкіге қалдырған, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әлемнің түкпір-түкпірінде Dears-тардың басын қосып жүрген Димаш көпшілікке түсінікті болу үшін концерттерінде ағылшын тілінде сөйлейді. Бұл жолы Құдайбергенов қазақ тілін де қолданған. 

"Қалайсыздар, құрметті ағайын? Өзіміз отырып шай ішейік деген сияқты, қазақша сөйлегенге кәдімгідей рахаттанып отырмын. Не қыл дейді? Қазақша қазір болады. Ел-жұрт аман ба? Амансыздар ма?" - деп халықтың жағдайын сұрады әнші. 


Мейрамбек Бесбаев АҚШ-та концерт беріп, түскен ақшаны қайырымдылыққа жұмсамақ
​​​​​​​"Адамша ескертсе болар еді": Құдайбергеновтер филармониядан қуылуына қатысты пікір білдірді

Қазақ тілін түсінетін тыңдармандар әншінің әзіліне күлсе, қалғандары Димаштың сөзін аударып беруді өтінді. 

Айта кетейік, Димаш Құдайберген 25 наурыз күні Дубайдың Coca-Cola аренасында концерт берді.