"Өзің кінәлі!" Қайрат Нұртас жұбайы Жұлдызға жауап берді

25 мамыр 2022, 09:31

Жұрттың сөзінен шаршаса керек, Қайрат Нұртас келіншегімен арадағы әңгімеге нүкте қойды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Қайрат пен Жұлдыздың отбасылық қарым-қатынасына қатысты қауесет әлеуметтік желіде әлі де қызу талқыланып жатыр.

 

Қайрат Instagram-дағы алты миллионнан астам оқырманын тағы да елең еткізді. Ол әлеуметтік желіге жүктеген видеосы арқылы көпшілік көкейіндегі басты сұраққа өлең жолдары арқылы жауап берген.

 

Сенің өзің кінәлі, мен кет демедім.

 

Мен сені сүйемін, жек көремін...

 

Мендегі кінә, ол — еліме еркеледім,

 

Мұндайға сынбаймын, ондайға жүрегім шыдайды, — деп Қайрат әнмен астарлы жауап берді.

 

 

"Өзің кінәлі" деп аталатын тың туындының сөзі мен сазын Қайраттың өзі жазған екен. Ал мәтінін мұқият тыңдаған ел бұл әннің Жұлдыз Әбдукәрімоваға арналғанын, яғни Қайраттың жұбайына берген жауабы деп топшылауда.

 

"Жұлдызға жауап па?", "Жұлдыз ханымға қатысты сияқты", "Жұлдызға арналған өлең", "Жұлдыз ханымға арналды. Көрініп тұр ғой", "Кімге арналған ән?", — деп оқырмандары жарыса жазды.

 

 

instagram.com