Өркениет

«Өзінің діни арнасы аздық еткен бе?»: журналист Мұхамеджан Тазабектің ұлттық арна эфиріне шығуын тоқтатуды сұрады

  • «Өзінің діни арнасы аздық еткен бе?»: журналист Мұхамеджан Тазабектің ұлттық арна эфиріне шығуын тоқтатуды сұрады

    «Өзінің діни арнасы аздық еткен бе?»: журналист Мұхамеджан Тазабектің ұлттық арна эфиріне шығуын тоқтатуды сұрады

Журналист әрі қоғам белсендісі Тоқтар Жақаш айтыскер ақын, «Асыл арнаның» директоры Мұхамеджан Тазабекті сынап тағы бір жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Журналистің жазуынша, Мұхамеджан Тазабек өзінің  діни арнасы аз болғандай ұлттық арна эфирі арқылы елге уағыз жүргізе бастаған.

«Сәләфиттердің саржағал балапандары Хабар мен Қазақстан арналарында  толып қалған еді. Енді Мұхамеджан Тазабектің ұлттық арна эфиріне шығуы масқараның масқарасы дер едім Сонда, енді Мұхамеджан ұлттық арнадан бізге пәлсапа соқпақшы ма? Оған ондай трибуна кімнің пәрменімен берілді?!», - деп жазған бұл жолы. 

Оқи отырыңыз: «Мұхамеджан Тазабек «психология ғылымдарының кандидаты» деген атақты 10 мың долларға сатып алған» - Тоқтар Жақаш

Тоқтар Жақаштың жазуынша, елдің басты ақпарат арнасына сәләфиттердің уағыз айтуы ұлтымыз үшін өте үлкен қауіп.

«Тәлім-тренд» деген дүниесі осыдан 4-5 жыл бұрын ютубта мың рет айналып, әбден жауыры шыққан.  Енді сол сарқыншағын ұлттық арнадан төгуге де ұят керек шығар!  Мұхамеджанға өзінің діни арнасы аздық еткен бе?

Мен түсінер едім, егер, Мұхамеджан келіндер мен әйелдерге тәлімді сабақ беретін ұзын етекті сақа қатын немесе жетпіс-сексен жасаған кемпір болса. 

Қай қазақтың еркегі ерлі-зайыптыға ақыл айтып еді? Мен өз басым балаларымның өміріне қарғыс айтқыш сәләфиттердің қол сұғып, ақыл айтуына үзілді-кесілді қарсымын! Бұл енді тым перебор!

«Еститін үкімет» көрерменнің талабын естиді деп ойлаймын! Сектанттар идеология саласынан аулақ жүрсін!

Мұхамеджанға өзінің діни арнасы аздық еткен бе?», - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.   




Көрілген: 1786    Пікірлер: 0

сейсенбі, 06.10.2020, 12:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30