Өркениет

Пластикалық ота жасатқан Әлішер Кәрімов адам танымастай өзгеріп кетті (фото, видео)

  • Әлішер Кәрімов. Фото: Куәгерлер

    Әлішер Кәрімов. Фото: Куәгерлер

Қазақстандық эстраданың жарық жұлдызы Әлішер Кәрімов тағы да пластикалық отаның көмегіне жүгінді. Әншінің жанкүйерлері KAZ.NUR.KZ редакциясына оның операциядан кейінгі суреттерін жолдады.

 

Редакцияға келіп түскен ақпаратқа сәйкес, Әлішер Кәрімов бүгінгі күні Ресейдің Санкт-Петрбург қаласында жүр.

 

Әншіні суретке түсіріп алған табынушылары өнер иесінің тағы бір мәрте пластикалық ота жасатқанын айтты. Олар жолдаған фотода әншінің беті оранып тұрғаны мен мұрны бинтталғанын байқауға болады.

 

Бұған дейін жасатқан оталарын ашық түрде жариялап келген эстрада жұлдызы бұл жолы іске асырған операциясы жайлы ешкімге тіс жармады. Әлішер Кәрімов желіде тараған бұл ақпаратты әлі өзі ресми түрде растаған жоқ.

 

Еске сала кетейік, бұған дейін Әлішер Кәрімов бет-әлпетіне жасатқан пластикалық ота жайлы ашып айтқан еді. Өнер иесі шын мәнінде қандай операцияға бел буып, қандай мақсатпен жасатқанын баяндаған болатын.

 

Әнші парақшасында арнайы жазба қалдырып, онда көптеген пластикалық ота жасатты деп ойлап жүрген жандардың болжамын жоққа шығарды.

 

Алайда, оның бұл әрекетін шоу-бизнестегі әріптестері қолдамай, пластикаға жүгінген әртісті қатаң сынға алды.

 

Кейбір эстрада жұлдыздары сымбатты көріну үшін пластикалық ота жасатуды әбестік деп санайтын болып шықты.

 

Олардың ойынша, ер адамның мұндай операия жасатуы тым ерсі болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 




Көрілген: 15120    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 25.01.2021, 14:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31