Пранкшы Нұрдәулет өзіне пранк жасаған досын ұрып жіберді (видео)

14 қазан 2021, 20:12

Таңғы пранктер қазақстандық блогерлер үшін үйреншікті іске айналды. Мұны, әсіресе, Нұрдәулет (NNN) есімді вайнер ұнатады. Бұл жолы барлығы керісінше. Бүгін таңертең оны досы Әлішер Қонысбаев ойнатып оятқан болатын. Алайда ойынан от шығып кетті, деп хабарлайды Exspress Qazaqstan.

 

Бейнежазбада көрініп тұрғандай, блогер өзінің досын ерекше түрде оятуды жөн көріп, оның ұйықтап жатқан жерінен, үстіне газдалған сусын құйды.

 

Кенеттен оянып кеткен NNN, досының қалжыңын бағаламай, оны шапалақпен бір ұрды. Ары қарай, блогер өзін-өзі ұстай алмай, Әлішерге балағат сөздер айтып, төсектен тез тұрып кетті.

 

 

Естеріңізге сала кетсек, қазақстандық блогер Бішкекте су жаңа IPhone 13-ті жасырумен де танылған болатын.