Өркениет

"Проблема жетеді": Гүлнұр Оразымбетова отбасылық өмір туралы айтты

  • "Проблема жетеді": Гүлнұр Оразымбетова отбасылық өмір туралы айтты

Отандық танымал әнші әрі тележүргізуші Гүлнұр Оразымбетова желіде отбасылық өмір туралы өз ой-толғауымен бөлісті. Өнер иесі жанұяны берік ұстау үшін қандай қағидаттарды қолдану қажет екенін түсіндірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Оразымбетова әр отбасының өз проблемалары болатынын алға тартып, оларды болдырмас үшін үйде қандай қарым-қатынас орнату керектігін айтып берді. Өнер иесі жанұяда орын алатын қиындықтар туралы жан сырын Instagram парақшасында ақтарды. Әншінің айтуынша, үйде тек бір адам басшы болу керек. Ал әйел адам өз орнын, сөйлейтін сөзін білу керек. "Соңғы кездері әлеуметтік желіні ашып қалсаңыз, әйтеуір бір толған негатив. Өмірден өз орнын тауып, отбасымен бақытты өмір сүріп, жұмысын шыр көбелек айналдырып жүрсе де кінәләуді жөн санайды. Неге? Одан да қамшының сабындай ғана ғұмырда жаманыңды жасырып, жақсыңды асыруға уақыт жұмсасақ деймін де. Менің марқұм енем «Богатые тоже плачут» деп айтып отырушы еді. Үй болған үйде ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Бәрімізде жетеді проблема.  Жатып алып жылап, нервті шашқаннан ештеңе өнбейді. Отбасы болған соң, үйде бір адам &ldquoбасшы&rdquo болуы керек. Тәртіп, тәрбие содан басталады. Не болса да, әйел өзінің орнын, сөйлейтін сөзін білгені дұрыс. Жағаласудың дым да қажеті жоқ. Бұл тек өз ойым. Қанша жерден жолдасым еркелетсе де, бәрі ретімен екенін ешқашан естен шығармаймын. Солай, қыздар. Мерекеміз жақындап қалды-ау. Ақылды, сабырлы болайық, қырмызы гүлдер" , - деп жазды Оразымбетова. 




Көрілген: 6116    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.02.2021, 17:21

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30