Өркениет

Продюсер "сахнадағы әдепсіз қылығы үшін әртістерге айыппұл салу керек" деген министрді сынға алды

  • https://alashainasy.kz/

    https://alashainasy.kz/

Қазақстандық музыкалық продюсер Алуа Қонарова Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың сахнаға мас күйінде шыққан әртістерге айыппұл салу және шығармашылығы Конституцияға қайшы келетін орындаушыларға тыйым салу туралы ұсынысын сынға алды.

 

Қонарова Instagram-дағы парақшасында өзінің наразылығын білдірді.

 

«Құдайға шүкір, ақыр аяғында, сынға алса да алты айдан кейін салаға назар аударды. Рахмет, министр ханым!

 

Мәдениет саласының қызметкерлері — театр, филармония және т. б., шоу-бизнес, ивент-индустрия салалары толығымен жұмыссыз, мемлекеттің қолдауынсыз қалды, ал министр керемет ұсыныс жасады!

 

Мүмкін барлығын ведомствоның өзінен бастау керек шығар? Келесі мәселелерге қатысты не айтасыз?

 

*екіжақты смета,

*сыбайлас жемқорлық,

*танымал қара тізімдер (жеке таңдау бойынша),

*шарттық міндеттемелерді орындамау,

*төлемдерді (мардымсыз) алты айға дейін кешіктіру, өйткені жоғарыдағылар барлығын алады, орындаушының қолына тиын-тебен ғана түседі.

 

Жұмыс істей алмайтын көптеген түсініксіз қызметкерлер бар (олар құпия зертханада клондалған сияқты көрінеді).

 

Ең алдымен, жұмыссыз қалған адамдар туралы, табысы жоқ әртістің моральдық бейнесінен гөрі басқа да маңызды нәрселер туралы ойлануымыз керек!

 

Неліктен фонограммадан бас тартпасқа, авторлық құқық туралы заңды қайта қармасқа. Бізде авторлар да, әртістер де осы заңсыздықтар мен былықтың кесірінен ақша таба алмай отыр!

 

Неліктен киноға миллиардтық бюджет бөлу туралы мәселені көтермеске?

 

«Неге» деген сұрақ көп. Бірақ мәселе моральға келіп тіреледі екен. Өзідеріңізден бастау керек, шенеунік мырзалар! Әйтеуір біздің керек екенімізді сезінесіздер… Қазір кейбір салаларды қалай да жабуға тырысатын болсаңыздар, барлық талантты адамдар сыртқа кетіп тынады.

 

Мәдениет саласына қысым көрсетудің орнына, жан-жақты қолдаңыздар. Мен үндемей отырудан, мемлекеттен көмек күтуден жалықтым. Енді не болса, сол болсын», — дейді продюсер.

 

Бұған дейін Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәжіліске әртістер мен музыканттарға «әдепсіз қылықтары» айыппұл салуды қарастыратын заң жобасын ұсынған еді. Әдепсіз қылықтар деп сахнаға мас күйінде шығу, оғаш мінез көрсетуді айтып отыр.

 

kaz.365info.kz




Көрілген: 967    Пікірлер: 0

бейсенбі, 17.09.2020, 15:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30