Өркениет

Р. Елубаев: «Көзді жұмып сурет салу арқылы халықаралық масштабта ең мықты суретші екенімді дәлелдедім»

  • Р. Елубаев: «Көзді жұмып сурет салу арқылы халықаралық масштабта ең мықты суретші екенімді дәлелдедім»

    Р. Елубаев: «Көзді жұмып сурет салу арқылы халықаралық масштабта ең мықты суретші екенімді дәлелдедім»

«Біз экономикалық тұрғыдан дамымай қалған ел болғасын, сурет өнері кенжелеп тұр. Себебі, сурет өнері – жоғары тап адамдарының назарындағы ғана өнер».
Р. Елубаев: «Көзді жұмып сурет салу арқылы халықаралық масштабта ең мықты суретші екенімді дәлелдедім»

 

– Ренат, АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында New York Realism fine art компаниясының ұйымдастыруымен өткен халықаралық көрмеде сіздің картиналарыңыз үздік деп танылып, «Алтын қыран» медалімен марапатталған едіңіз. Суреттеріңіз Беларусь мемлекетінде өткен «Куршинале – 2015» халықаралық өнер олимпиадасында да «Сурет өнері» аталымында Гран-при иеленді. Бұдан да бөлек жетістіктеріңіз бар. Жалпы, Сіз халықаралық конкурстар мен көрмелерде көпшілікті қандай ерекшелігіңізбен таңдандырдым деп ойлайсыз?

– Мен білмеймін. «Жүректен шыққан жүрекке жетеді» демекші, көрермен ішкі рухымды картинадан көре алғандықтан, осындай жетістіктерге жеттім деп ойлаймын.

– Шетелдік телешоуларда өнер көрсетіп, таңдай қақтырып жүрсіз. Осы жөнінде айтсаңыз...

– Бұл да сол халықаралық байқаулар. Тек айырмашылығы – жаппай халыққа тарайды, яғни бірден халық сүйіспеншілігіне бөленесің. Алдында Мәскеуге барып, сурет салғанмын. Сол сәтті пайдаланып, ешкім істемеген шеберлікті орыстарға көрсете қойып едім, олар сұмдық таңғалды. Содан көзді байлап алып мастер кластар көрсете бастадым, ал олардың таңғалысында шек жоқ. Шет елде мені қатты құрметтейді. Ақыры үлкен экраннан бір-ақ шықтым.

– Шетелдік әріптестеріңіз өзіңіз туралы берген сұхбаттарында сіздің сурет жазуда жылдамдығыңызға таңғалған деседі. Өз кезегінде мұны телешоуларда да дәлелдедіңіз. Жылдамдық Сіздің ерекшелігіңіз бе?

– Бұл деген былай, егер күн сайын өлең шығара берсе, хат жаза берсе, адам ұйықтап жатып та сол дағдыны қайталайды. Жан мен тәннің гормониясынан осындай деңгейге жетуге болады.

– Көзді жұмып сурет салу әркімнің қолынан келе бермейді. Бұл талантыңыздың тағы да бір қыры ма?

– Көзді жұмып сурет салу дегеніміз – мастеркласс. Бұл миссияны көрсетуді Құдай маған тапсырған болар. Мен халықаралық масштабта ең мықты, таңғажайып суретші екенімді өзіме дәлелдегім келді. Содан осы мақсат жолында аянбай еңбек еттім, нәтижесін ел көрді. Мақсатыма жеттім.

– Шет елдерден бірге жұмыс жасауға өтініштер жиі түскен болар?

– Әрине, болып тұрады. Бірақ, менің өз елімнен кететін ойым жоқ һәм болмайды да.

– Сурет өнерінде өз тақырыбымды таптым деп ойлайсыз ба?

– Сурет өнері – ұшы-қиыры жоқ, мәңгі шексіз әлем. Тақырыбы да әртүрлі. Бағыты да жыл сайын өзгере береді. Тек суретші суретті қойса, сол уақытта ғана өткен туындыларына қарап, «иә, тақырыпты таптым» дей алады. 

– Өнер арқылы саясатқа араласу қаншалықты дұрыс? 

– Өнер мен саясат, идеология қатар ұғым негізі. Әртүрлі бағыттар қайдан шықты деп ойлайсыз? Соцреализм, импрессионизм, сюреализм, метафизика, абстракция сынды бағыттар саяси үдеріс негізінде қаланған. Өнер адамдары – мемлекеттің жалауы, бет-әлпеті. Өнер адамдарына қарап, бұл елдің саясаты қандай екенін білуге болады.

– Сіздің жан-дүниеңізге қандай жанр жақын?

– Барлық жанр ұнайды. Көңіл күйге байланысты, пейзаж, портрет, батальды жанрларға ауысып отырамын.

– Картиналарыңыз арқылы қоғамға не жеткізгіңіз келеді?

– Әр суретшінің басты мақсаты  –көрермен жүрегіне әсемдікті, көркемдікті, махаббаты жеткізу. Мен импрессионист болғасын, көшеде келе жатып әдемі көріністі көзім шалып қалса,  сол сәттік әсерді кенепке түсіріп қалуға тырысамын. Сол әсерді көрермен де мен сияқты сезіп, әсер алса екен деген оймен жазамын өз туындыларымды.

Ал соңғы уақытта тарихи шығармаларға көңіл аудара бастадым. Мысалы, 2\3 метрлік Құтылық Білге қаған картинасы. Сол арқылы жұртқа біздің ата-бабамыз қытайды тізерлетіп, қарақытай жерін жаулап алған сәтімен ұлттық сананы қалыптастыруға үлес қосып қалуды көздедім. Кейкі батыр картинасы да сол мақсатта жазылған.

– Қай картинаны салуға ұзақ уақыт жұмсадыңыз?

– Мен станковый живопись жасап жүрмін. Кейін монументалды живопись те жаза бастадым. Сондықтан уақыт габоритке де байланысты. Бірақ, кейде шағын жұмыстарым да бір жыл жазылып жатады. Бұның бәрі маған емес, менің жүрегіме тәуелді. Ал мен бұл уақыт процестерін есімде сақтап жатпаймын, тек жүрек «өзі би, өзі қожа», қай уақытта қай картинаны бітіргісі келсе де.

– Сурет өнеріндегі «Реализм», «Абстракционизм», «Романтизм», «Сюрреализм», «Импрессионизм» жанрлары қарқынды дамып жатыр. Бұл жанрлардың ішінде қайсысы басым бағыт алуда және қайсысы кенжелеп қалды? 

– Әр бағыттың өз суретшілері бар. Олар жұртты өз бағытына назар аударту үшін сол бағытты дамыту керек деп дабыл қағатын шығар. Алайда, мен барлық бағыттың қарқынды дамып жатқанын көріп отырмын. Мен үшін басым бағыт импресмионизде. Себебі, мен – сол бағыттың өкілімін. Ал басқалар басқаша айтуы мүмкін.

– Әлемдік өнер туындыларынан, атақты суретшілерден кімдердің шығармашылығын биік қоясыз? Қазақтардан ше?

– Клод Моне мен Қанапия Телжановтың әр туындысына қызығамын. Әр бояудың орын-орнымен тура қойылғандығына тәнті болам. Солардың қатарына Коровинді де қосуға болады.

– Қазақ суретінің «алтын ғасыры» қай кез деп айтуға болады?

– 60-70 жылдар деп айтар едім. Қ. Телжанов, С. Айтбаев, Ш. Сариев, Г. Исмаилова, Ж. Шарденов, Т. Тоғысбаев сынды тұлғалар қазақ сурет өнерін дамытуға үлкен септігін тигізді. 

– Сіздің сүйікті түсіңіз қандай?

– Мен көбіне сары түсті жақсы көремін. Себебі, сары түсте керемет энергия, қуаныш, мұң, сағыныш жатыр. Оны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес,  тек жүрекпен қабылдау керек

– Сурет өнерінің бүгінде елімізде елеусіз қалуының нендей себебі бар деп ойлайсыз?

– Біз экономикалық тұрғыдан дамымай қалған ел болғасын, сурет өнері кенжелеп тұр. Себебі, сурет өнері – жоғары тап адамдарының назарындағы ғана өнер.

– Шығармашылық тоқырауды бастан жиі өткізесіз бе?

– Өте жиі тоқырау болып тұрады. Шабытым шау тартып тұрған уақытта шеберханада диуана сияқты жалғыз, түк бітірмей отырып қаламын. Кейін сыртқа шыға бастадым. Театр, кино, көрме тамашалап, шабыт іздейтін болдым.

– Суретшінің миссиясы не?

– Табиғаттың ғажаптығын баршаға жеткізу, сұлулыққа сүйсіндіру.

– Алдағы жоспарыңыз қандай?

– Жоспар – тек Құдайдың құзырындағы шаруа. Мен ешқашан жоспар құрмаймын. Тек жақсылыққа ғана ниеттеніп, өз өмірімді жаратқан иеме тапсырамын.

Сұхбаттасқан Наурызбек САРША


 




Көрілген: 293    Пікірлер: 0

бейсенбі, 23.01.2020, 12:46

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30