Өркениет

Рақметі жоқ Селена: Құрбысы әншіге бүйрегін сыйлады, бірақ қазір олар бір-бірімен араласпайды

  • Рақметі жоқ Селена: Құрбысы әншіге бүйрегін сыйлады, бірақ қазір олар бір-бірімен араласпайды

    Рақметі жоқ Селена: Құрбысы әншіге бүйрегін сыйлады, бірақ қазір олар бір-бірімен араласпайды

Америкалық әнші әрі актриса Селена Гомес бүйрегін сыйлаған құрбысы Франсия Райсамен араласпай қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі RadarOnline басылымына сілтеме жасап хабарлайды.


Жұлдыздар 2018 жылдың қазан айынан кейін бір-бірімен сөйлеспеген екен. Сол уақытта Гомес эмоционалды күйзелістен кейін психиатриалық ауруханаға түсті. Басылымның мәліметінше, әр кеш сайын көңіл көтеретін шараларға бару, арақты көп ішу — әншінің ауруханаға жатуына түрткі болған.


Осыдан кейін Франсия Райса Нью-Йорктағы Four Seasons қонақ үйінен ішіп жатқан құрбысын көріп қалады. Екеуінің ұрысып қалуына осы жайт септігін тигізген. Франсия Селенаға отадан кейін денсаулықты дұрыс күту керектігін айтады. Ал, әнші оның айтқанын мүлдем тыңдамайды.


2017 жылы дәрігерлер Селена Гоместің бүйректерін ауыстырып, ота жасады. Әнші жүйелі қызыл жегі ауруымен ауырады, трансплантация оған осы себеппен керек болды. Райса сол отадан кейін физикалық және эмоционалды тұрғыда қиналған екен. Әлсіреп кеткені сонша, өзінің итін көтере алмай қалған.




Көрілген: 701    Пікірлер: 0

сенбі, 03.08.2019, 22:16

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31