Өркениет

Райымқұлова ұлттық киноны қолдау орталығы басшысының ұсталуына қатысты пікір білдірді

  • © mks.gov.kz

    © mks.gov.kz

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының басшысын тергеуге алуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметіне жемқорлық тәртіп бұзушылық туралы хабар түскенін атап өткен министр, қазіргі кезде ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының басшысы Сәрсенова ханымға қатысты тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын айтты.

 

"Сот әлі өткен жоқ. Ал заң бойынша тергеуде жүрген адам өз еркімен кетпесе, оны жұмыстан шығаруға болмайды. Ол қызметінен кеткен жоқ", &ndash деді Райымқұлова орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

 

Министрдің айтуынша, сот шешімі шыққанша кінәсіздік презумпциясы сақталады. Ал кінәлі деп танылған кезде нақты шаралар қабылданады.

 

"Қазір жаңа екі орынбасары келді. Қазақфильмнің басшысы болған Арман Әсеновке да орынбасарлық қызмет ұсынылған болатын. Бірақ ол бас тартты. Сондықтан соттың шешімі шыққаннан кейін басшының орны босаса, конкурстық шаралар ұйымдастырылады. Соның негізінде жаңа төраға тағайындалады. Меніңше, бізде лайық азаматтар бар", &ndash деп атап көрсетті Райымқұлова.

 

Айта кетейік, биыл мамырдың соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамынының басқарма төрағасының ұсталғанын жариялады.  Орталық басшысы мемлекеттік бюджеттен қаржы бөлуге және орындалған жұмыстардың актілеріне қол қоюға көмектескені үшін аса ірі көлемде пара алғаны үшін айыпталып отыр.

 

 




Көрілген: 1198    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 19.10.2020, 15:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30