Өркениет

Режиссер Рүстем Әбдірашевтің кенже ұлы оқыс жағдайда қайтыс болды

  • Рүстем Әбдірашев.   © Tengrinews.kz

    Рүстем Әбдірашев. © Tengrinews.kz

Режиссер Рүстем Әбдірашевтің кенже ұлы оқыс жағдайда қайтыс болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясы белгілі кинорежиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Рүстем Әбдірашевке және оның отбасына ұлы Ақназардың оқыс жағдайда қайтыс болуына байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Періштенің жаны пейіште шалқысын", - делінген киностудияның Facebook желісіндегі парақшасында.


Айта кетейік, Рүстем Әбдірашев 1970 жылы дүниеге келген, ол - қазақтың белгілі ақыны Жарасқан Әбдірашевтың ұлы. Оның Іңкәр, Әбілқайыр, Сәруар есімді балалары бар. Әбдірашев Гоголь атындағы Алматы көркем сурет училищесін суретші-декоратор мамандығы бойынша, Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының театрдекорация факультетін кинорежиссер мамандығы бойынша және Қазақ мемлекеттік заң академиясының заң факультетін (2002) құқықтанушы мамандығы бойынша бітірген.


Рүстем Әбдірашев осыған дейін 10-ға жуық фильмге режиссерлік еткен. Оның ішінде: "Елбасы жолы. Менің балалық шағымның аспаны", "Елбасы жолы. Теміртау", "Елбасы жолы. От-өзен", "Елбасы жолы. Тығырықтан жол тапқан", "Қазақ хандығы. Алмас қылыш" және "Қазақ хандығы", 1-маусым, 10 серия (Көпсериалды тарихи сериал)".


"Балалық шағымның аспаны" - 2011 жылы режиссер Рүстем Әбдірашевтің Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың балалық және жастық шағы жайында түсірген көркемфильмі, көпсериялы "Көшбасшы жолы" киноэпопеясының бірінші бөлімі.


 




Көрілген: 727    Пікірлер: 0

сейсенбі, 12.11.2019, 17:29

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31