Өркениет

Режиссер Талғат Теменов мемлекетаралық сыйлыққа ие болды

  • © Photo : Талғат Теменовтің жеке архивінен

    © Photo : Талғат Теменовтің жеке архивінен

Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының көркем жетекшісі, кино және театр режиссёрі Талғат Теменов "Достастық жұлдыздары" мемлекетаралық сыйлығының лауреаты атанды.

 

"Бұл сыйлық ТМД кеңістігінде мәдениет және мәдени мұра саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететін шығармашылық жұмыстар мен туындылар арқылы мәдениет пен өнерге қосқан зор үлес үшін ұсынылады. Талғат Досымғалиұлын осы сүбелі жетістігімен шын жүректен құттықтаймын және барша бастамаларына сәттілік тілеймін!", - деп жазды мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Facebook парақшасында.

 

Теменов бұл жаңалықты естігенде Мәскеу қаласында болған.

 

"Әрине, қатты толқыдым. Қазақ киносы мен ұлттық театр өнері шетелде жоғары бағаға ие болғаны қуантады. Бұл менің ғана қуанышым емес, барша Қазақстанның жетістігі", - деді режиссер.

 

Бұл сыйлықты ТМД елдерінің гуманитарлық ынтымақтастық кеңесі және мемлекетаралық қоры тағайындаған. "Достастық жұлдыздары" ғылым және білім, мәдениет және өнер, гуманитарлық қызмет саласындағы жетістіктер үшін беріледі.

 

sputniknews.kz


 




Көрілген: 410    Пікірлер: 0

сейсенбі, 25.08.2020, 22:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31