2020 ЖЫЛҒЫ 13 ШІЛДЕ-ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ ҰЛТТЫҚ ҚАЗА ТҰТУ КҮНІ


Өркениет

Ринат Зайытов неге көрінбей кетті...

  • https://kaz.zakon.kz/

    https://kaz.zakon.kz/

Отандық танымал ақын Ринат Зайытовтың көп уақыттан бері ел назарынан тыс қалып қойғаны оның табынушыларын қатты алаңдатуда. Алайда, белгілі айтыскер үшін уайымдаудың қажеті жоқ болып шықты. Өнер иесі басымен шығармашылыққа кіріп, түрлі хит әндердің жарыққа шығуына өзіндік үлес қосып жатқанын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ НТК арнасындағы "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап.

 

Ринат Зайытов өзінің жұртшылық назарынан жоқ болып кетуінің себебін түсіндірді. Оның сөзінше, ол көптің көзіне түсе бергенді ұнатпайды.

 

"Енді әлдебір адамдар болады да, өзі сондайды жақтырмайтын. Бет саудасын, жаңағы барып, көрінген жерде жылтыңдай беруді жақтырмайтын. Ол мінез ақындардың арасында өте көп кездеседі" , - деді ол.

 

Сонымен қатар, танымал ақын бүгінгі күні көптеген өнер жұлдыздарымен тығыз жұмыс істеп жатқанымен бөлісті. Ол тың туындыларға сөз жазып, барынша шығармашылыққа бет бұрып жатқанын жеткізді. Алайда, ол кез келген әншінің өлеңіне мәтін жаза бермейтін болып шықты.

 

"Өзің жазған сөзіңді кім көрінген айтып тұрғанын ешкім қаламайды ғой. Мен өзім жазған әнді қазақша білмейтін, не айтып тұрғанын білмейтін әншілердің айтқанын қаламаймын. Бірақ, менің тым таңдайды дегені өтірік. Қаржы жағына келген кезде таңдамайсың, жаза бересің. Бірақ іштей бір ләззат алу болмайды ондай кезде" , - деді ол.

 

Оған қоса, Ринат Зайытов махаббат жайлы әндерінің барлығы жарына ғана арналмағанын ашып айтты. Ақынның өзге қыздарға арнап өлең жазуына келіншегі де түсіністікпен қарайтын болып шықты.

 

"Әлбетте! Менің жазған өлеңдерімнің жартысы мүлдем басқа адамдарға арналуы мүмкін. Жартысынан көбі болуы мүмкін. Енді ол жерде кез келген өнер адамының көңіл күйі ғой! Дәл бір осындай сәтте тұрып, бір адамдар болады өздері бір әнге айналып тұратын. Сол туралы ән жазғың келеді" , - деді ақын. 




Көрілген: 1497    Пікірлер: 0

бейсенбі, 12.03.2020, 12:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31