Роза Әлқожаға тыңдарманы Алматыдан пәтер сыйлады

09 наурыз 2022, 10:07

Халықаралық әйелдер мерекесі күніне орай тыңдарманы әнші Роза Әлқожаға қымбат сый жасады. Белгісіз азамат концерт үстінде әншіге пәтер сыйлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Болған оқиғаны концертке қатысқан белгілі журналист Әлия Құдайбергенова айтып берді.

"Розаға залдан бір көрермен жігіт жүгіріп шықты да: "Сізді анам жақсы көреді. Алматыдан мына пәтердің кілті сізге, шын жүректен" дегенде, Розканы білмедім, біз шок болдық", - деп баяндады ол. 

Ән кеші 8 наурыз күні Алматыдағы Республика сарайында өткен.

Айта кетейік, бұған дейін әнші Қаңтар оқиғасынан кейін концерт өткізген орынды ма деген сауалға жауап берген еді.