Өркениет

Роза Рымбаеваның келіні кім екені белгілі болды

  • Фото: Instagram/akerkeburkitbay

    Фото: Instagram/akerkeburkitbay

Қалың көпшілікке "Асыл" тобында өнер көрсетіп танылған әнші Ақерке Бүркітбай енді ресми түрде қалыңдық атанды. Өнер иесінің сүйіктісі оған кеше ғана үйленуге ұсыныс жасаған. Желі қолданушылары оның қазақ эстрадасының дүлділі Роза Рымбаеваның келіні атанатынын жарыса айтуда деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Ақерке Бүркітбай өміріндегі қуанышты жаңалығымен өзінің Instagram парақшасында бөліскен. Ол қолындағы сақинасын көрсетіп түскен фотосын жариялап, оқырмандарына алдағы уақытта тұрмысқа шығатынын жеткізді.

 

Желі қолданушыларының пайымдауынша, қалыңдық өмірлік серігін өзі күйіп-пісіп жүрген шоу-бизнес ортасынан тапқан. Олар Ақерке Бүркітбайдың таңдауы Әли Оқаповқа түскеніне сенімді.

 

"Әйтеуір жеттік осы күнге, Әли Ақерке бақытты болыңдар" , "Роза Рымбаеваның су жаңа келіні" , "Әлимен шын бақытты бол", "Роза Рымбаеваның келіні құтты болсын" , "Қанша жыл жасырып келдіңдер. Халық бәрібір біледі ғой. Әли екеуің шынымен жарасымды жұпсыңдар" , - деп жазуда олар. Қос жұлдыздың кездесіп жүргені жайлы қауесеттер бұрыннан бері келе жатыр. Алайда, екі тарап та өз қарым-қатынасын не растап, не теріске шығарған емес.

 

Оның үстіне Ақерке мен Әли кеше ғана белгілі телепродюсер Тимур Балымбетовтың некелесуінде жігіт жолдас пен қыз жолдас болып қайтқан. Олар достарының қуанышына арнайы бірдей киім тіктіріп, ел назарын өздеріне аударды.

 

Қызығы, Ақерке Бүркітбай аталмыш мерекелік шарадан кейін кешкі уақытта сүйіктісіне "иә" деп айтып, қалыңдық атанғанын хабарлады.

 

ФОТО:  www.instagram.com/p/CCY5Nj1HgXg/

 

 




Көрілген: 7514    Пікірлер: 0

бейсенбі, 09.07.2020, 15:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30