Өркениет

Роза Рымбаеваның ұлы үйленді: қызын ұзатқан отбасыға айыппұл салынды

  • Роза Рымбаеваның ұлы үйленді: қызын ұзатқан отбасыға айыппұл салынды

    Роза Рымбаеваның ұлы үйленді: қызын ұзатқан отбасыға айыппұл салынды

Той иесіне Қазақстан Әкімшілік құқықбұзушылық кодексіне сәйкес, 41 670 теңге көлемінде айыппұл салынды. Әнші Әли Оқаповтың жары болған Ақерке Бүркітбайдың ұзату тойын ұйымдастырғандарға 41 мың теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Атырау облысы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Департаменттің хабарлауынша, 2020 жылдың 19 тамызында Атырау қаласының тұрғыны облыстың бас санитар дәрігерінің отбасылық шараларды өткізуге тыйым салған қаулысын бұзып, туған-туысын үйіне жинап, шара өткізгені анықталған.

"Той иесіне Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 425-бабы 1-бөлігіне сәйкес, жеке тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылып, 15 АЕК көлемінде (41 670 теңге) айыппұл салынды", - деді департаменттің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның үлкен ұлы Әли Оқапов атыраулық Ақерке Бүркітбайға үйленді.


"Асыл" тобының әншісі Бүркітбайдың ұзату тойы 19 тамызда Атырауда өтті. Ал Роза Рымбаева екі жастың тойы карантин 100% аяқталғаннан кейін өтетінін айтты. 




Көрілген: 619    Пікірлер: 0

бейсенбі, 03.09.2020, 19:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30