Өркениет

"Рұқсат сұраған жоқ": Жарқынай Ханайым өзге актрисамен сүйіскен күйеуіне қатысты пікір білдірді

  • "Рұқсат сұраған жоқ": Жарқынай Ханайым өзге актрисамен сүйіскен күйеуіне қатысты пікір білдірді

Жарқынай Ханайым телехикаяда өзге актрисамен сүйіскен күйеуі Айдар Асқарбектің әрекетіне қатысты пікір білдірді. Айтуынша, ондай сахнаның болатыны оған ескертілмеген. Ол күйеуін өзге актрисамен бірге көргенде қатты таңырқағанын жасырмады. Тіпті, көзіне жас алып қалды.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі НТК арнасының "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Реніш, түсініспеушілік болды. Әйел адам болған соң, кішкене ауыр қабылдадым. Қарапайым жерде өстім. Жанұя туралы да, шығармашылық туралы да түсінігім басқаша. 

 
Түсінгенім, бұл жағдайды басқаша қабылдайтын басқа да орта бар екен. Эмоция, ренжіген адамдарым болды. Бірақ қазір бәрін жібердім. Әркімнің өзінің шындығы бар ғой", - дейді Жарқынай.

Актриса "Рауза" телехикаясындағы сол бір сүйісу сахнасынан кейін арада жанжал болғанын жасырмайды. Ол Айдарды қазіргі "КешYou" тобының құрамындағы Наргиз Алтайбаймен бірге экраннан бір-ақ көрді. 


Элизат Берікова жеке өміріне қатысты: Некемізге әлі нүкте қойылған жоқ
​​​​​​​Алмас Кішкенбаевтың бұрынғы жары ашық фототүсірілім жасап, сынға ұшырады (видео)

"Алдымнан ешкім өткен жоқ, рұқсат сұраған жоқ. Үлкен экраннан бір-ақ рет көрдім. Олай болса да, ондай деңгейде, қатты кетеді деп ойлаған жоқпын. Әрбір әйелге өзінің жарын басқа біреумен көру, тіпті образ болса да елестету қиын", - деді Жарқынай.

Бұдан өзге, актриса Айдардың отбасы мен туыстарымен қарым-қатынасы жайлы ағынан жарылды.

"Әрқашан ол кісілермен қарым-қатынасы жақсы. Продюсерлерімнің маған реніші бар. Оларды түсінемін. Бірақ өзімнің де ренішімді түсінемін. Барлығы кешіріледі деп ойлаймын. Ортамызда Айлана бар. Менің ешкімге ренішім жоқ, ол кісілерді өте жақсы көремін, құрметтеймін. 
Өзімнің анамдай жақсы көрдім бәрін. Содан кейін де менде басқаша реніш болған шығар", - деді актриса.




Көрілген: 1926    Пікірлер: 0

жұма, 12.11.2021, 14:10

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31