«Рұқсатымды беремін»: Шынар Асқарова күйеуіне екінші әйел алып беруге қатысты пікір білдірді

20 мамыр 2022, 13:26

Қазақстандық танымал актриса Шынар Асқарова отағасына екінші әйел алып беруге қатысты өз ойын айтты. Кино және театр жұлдызы өзі ұл бала сүймегендіктен, күйеуіне екінші жар алуға рұқсатын бергенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Шынар Асқарова бұл мәселеге қатысты ұзақ ойланып, ақырында күйеуіне ұрпақ сыйлайтын екінші әйел алуға рұқсатын берген. Актриса бұл ұсынысын отағасына айтқан. Алайда жолдасы мұндай қадамға бармайтынын түсіндірген.

«Мен бұл жайында ойландым. Оған талай рет айттым. Ойнап қалжыңдап айтып келдім. Бірақ соның астында бір шынайы айтқан кездерім де болды. Өмір адамға бір-ақ рет беріледі. «Егер көңіліңіз суып жатса, егер басқа біреуге көңіліңіз ауып тұрса, мүмкін бір сондай арман-тілектеріңіз болса сіз маған айтыңыз. Ана жақта, мына жақта болмайық. Келісейік, мен рұқсатымды беремін. Сізге екінші әйел алып беруге де дайынмын. Себебі өмір бір рет қана беріледі. Сен ер азаматсың, сенде ұрпақ қалу керек» деп айттым.

Ол болса беті қызарып маған күледі. Мен айтып аламын да, бар ма, жоқ па екен деп қызғана бастаймын. Маңдайымызға жазбасын ондайды. Ол кезде қандай күй кешетінімді білмеймін. Қазір осылай сайрап отырмын. Кейін қызғаныштан өлтіріп қоямын ба? Ол ондайға бармайтынын білемін», — деді өнер иесі «Менің өмірім» бағдарламасына берген сұхбатында.

KAZ.NUR.KZ