Өркениет

"Русланның орнында мен болуым керек еді": Нұржан Қалжан өзегін өртеген өкінішін айтты

  • "Русланның орнында мен болуым керек еді": Нұржан Қалжан өзегін өртеген өкінішін айтты

Нұржан Қалжан 2009 жылы 16 шілде күні көлік апатынан көз жұмған досы Руслан Бөлебайды еске алды. Айтуынша, өзегін өртеп келе жатқан өкініші көп, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның «Айта берсін» бағдарламасына сілтеме жасап.

«Өкінетін сәт өте көп. Керек десеңіз Русланның орнында мен болуым керек еді»деген өкінішті сәттер де болған. Русланды қимадым, екінші жағынан оның үйіне барған кезде анасының қалай қатты қиналғанын көрдім. Одан кейін Төле би көшесімен келе жатып, Жароков көшесіне неге бұрылып кетпедім деген сияқты ойлар мазалайды, өкіндіреді. Руслан шақырған кезде бармауым керек еді деп те ойлаймын», - деп күрсінді өнер иесі.


Нұржан Қалжанның көлігінде отырған досы журналист Руслан Бөлебай мен Бауыржан есімді әнші тіл тартпай кеткен. Сондай-ақ, ол көпке дейін журналист досының көз жұмғанын білмей келгенін айтты.


Тағы оқыңыз: Қыдырәлі Болмановқа біреу оқ атса, алдына тұруға дайын болдым

«Русланның қайтыс болғанын маған ешкім естірткен жоқ. Ауруханада жатқанымда көптеген өнер адамы келіп қалымды сұрады. Анам мен ағайын-туыстарым маған оның қазасы туралы айтпауды өтінген екен. Маған Русланнан кейін саған келе жатырмыз деген әңгімелер айтты. Шынымен де, олардың сөзіне сендім. «Телефон беріңдерші, оларға хабарласайын» дегенімде жансақтау бөлімінде жатқанын айтты», - деді Нұржан Қалжан.


Әнші жақындары жасырған сырды түсі арқылы білгенін айтады. Түсіндегі би кешінде Руслан Бөлебайдың жоқ екенін байқаған. Сұрағанында оны бір үйге қарай бағыттайды. Әлгі үйге барса, қап-қара әдемі аяқ киімнің екінші сыңары жоқ екен. Оянған соң бірден Руслан Бөлебай бақилық болды деген ой келгенін айтады.  




Көрілген: 484    Пікірлер: 0

жұма, 01.11.2019, 10:54

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30