Өркениет

Сабина Алтынбекова Қазақстаннан кетті: қазір ол немен шұғылданып жүр

  • Сабина Алтынбекова Қазақстаннан кетті: қазір ол немен шұғылданып жүр

    Сабина Алтынбекова Қазақстаннан кетті: қазір ол немен шұғылданып жүр

Волейболшы Сабина Алтынбекова әрқашан өзіне жоғары талап қойып, биік белестерді бағындыруға ұмтылатынын айтты. Танымал қазақстандық спортшы, "ең сұлу волейболшы" атанған Сабина Алтынбекова Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұқбатында Қазақстаннан неге кеткенін, танымалдылық оған қалай әсер еткенін және балалық шағында кімді пір тұтқанын айтып берді.

Индонезия, БАӘ және Филиппиннен ұсыныс түсті
Жақында "ең сұлу волейболшы" Біріккен Араб Әмірліктерінің "Әл-Васл" клубына ауысқан болатын.

"Биыл Индонезия, Біріккен Араб Әмірліктері және Филиппин елдерінен ұсыныс түсті. Маған "Әл-Васл" клубы ұнады. Бұл команда ұзақ жылдар бойы үздік клубтардың қатарында келеді. Мен әлі де жоғары деңгейде өнер көрсетіп, жеке және командалық есепте жақсы нәтижеге қол жеткізгім келеді", - деп түсіндірді спортшы.

Ол өзіне қолдау білдіріп келген адамдарға құрметпей қарайтынын атап өтті.

"Оларға шын ниетіммен алғысымды білдіремін. Қандай елден екені маңызды емес", - дейді Сабина ағынан жарылып.

Танымалдылық спортшыға қалай әсер етті?
Қазақстандық спортшы "сізді танымалдылық өзгертті ме?" деген сұраққа қысқа жауап берді.

"Менің ойымша, бұл сұрақты жақындарыма қою керек?", - деді ол.
Әңгіме барысында "ең сұлу волейболшы" балалық шағында волейболдан екі дүркін әлем чемпионы, Ресейдің еңбек сіңірген спорт шебері Екатерина Гамованы пір тұтқанын атап өтті.

Осыған дейін Сабина Алтынбекова "S-20" атты жеке спорттық киім үлгісін шығарған болатын. Қазіргі таңда ол бұл бағытта қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

"Жұмыс кестемнің қарбалас болуына байланысты, бұл жұмысқа шала-шарпы қатысып жүрмін. Біз S-20-ға үлкен жоспар құрып отырмыз", - дейді волейболшы.

Алтынбекова волейболдан басқа өзіне бокс және дзюдо ұнайтынын жеткізді.

Қандай музыка тыңдайды?
Спортшы әнді сирек тыңдайтынын, дегенмен әртүрлі жанрдағы музыканы ұнататынын атап өтті.

"Телефонымдағы соңғы бес трек дейсіз бе? Арсен Шахунц - Девочка Стоп, Xtreme - Te Extrano, Romeo Santos - Inocente, Nancy Ajram - Ah w Nose, Brennan Savage- Look at me now", - деді ол.

Сабина Алтынбекова өмірде талапшыл жан екенін жасырмады.

"Бимен шұғылданамын. Кофе және сүтпен шай ішпеймін. Тек қара шай ішемін. Жылқыны жақсы көремін", - дейді ол.
Сөз соңында "ең сұлу волейболшы" жақындарымен өткізген уақытты бағалайтынын, ол кезді "жақсы демалыс" деп санайтынын жеткізді.

Сабина Алтынбекова туралы не білеміз?
23 жастағы қазақстандық спортшы Сабина Алтынбекова 2014 жылы жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатынан соң танымалдылыққа ие болды. Бұл кезде волейболшыға Қытайдың бұқаралық ақпарат құралдарының назары түсіп, оның суреті қытайлық әлеуметтік желіге тараған болатын. Нәтижесінде Сабина Алтынбекованың көптеген жанкүйері пайда болып, тіпті, ол "ең сұлу волейболшы" деген атаққа ие болды.

Қазіргі таңда қазақстандық спортшының Instagram желісінде 800 мыңнан астам оқырманы бар.

Сонымен қатар Сабина Жапония клубының сапында өнер көрсеткен. Кейін Қазақстанға оралды.

Жақында спортшы Біріккен Араб Әмірліктерінің "Әл-Васл" клубына ауысты. 




Көрілген: 722    Пікірлер: 0

сейсенбі, 24.12.2019, 14:33

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29