Өркениет

Сабина Алтынбекова кімге тұрмысқа шыққаны белгілі болды

  • Сабина Алтынбекова кімге тұрмысқа шыққаны белгілі болды

    Сабина Алтынбекова кімге тұрмысқа шыққаны белгілі болды

Сабина Алтынбекованың таңдауы продюсер Саят Тостықбаевқа түсті, ол қазақстандық "Круиз" кинокомедиясы продюсерлерінің бірі болған. Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекованың кімге тұрмысқа шыққаны белгілі болды. Спортшының таңдауы продюсер Саят Тостықбаевқа түсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Бүгін мешітімізде Саят Салманұлы мен Сабина Алтынбекова ақ некесін қидырды. Жаратқан некелерін баянды етіп, екі дүниенің бақытын нәсіп етсін!", - деп жазды Islam.kz порталының бас редакторы Қайрат Жолдыбайұлы. Екі жастың некесін Жолдыбайұлы қиды.

Сәбина Алтынбекованың күйеуі туралы не білеміз
Ашық дереккөздерде спортшының күйеуі туралы ақпарат аз. "Одноклассники" желісіндегі парақшасында оның 1988 жылы 30 шілдеде дүниеге келгені көрсетілген.

Сонымен қатар Саят Тостықбаевтың қазақстандық "Круиз" кинокомедиясы продюсерлерінің қатарында болғаны белгілі. Өткен жылы кәсіпкер Бейбіт Әлібековтің спорттық киім желісін таныстыру кезінде қонақтардың арасында болды.

Айта кетейік, бұған дейін "Найман" лақап атымен танылған спортшы Қуат Хамитов Сабина Алтынбекованы ұнататынын және оның жүрегін жаулап алғысы келетінін мәлімдеген болатын. Алтынбекованы өзінің әйелі ретінде көретінін жасырмады. Алайда Алтынбекова Хамитовті өмірінде бір-ақ рет көргенін айтты




Көрілген: 3155    Пікірлер: 0

жексенбі, 03.01.2021, 11:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31