Өркениет

Сәдуақасова тәртіп сақшыларының назарына не себепті ілікті

  • Фото: Instagram/sadvakasovamadina

    Фото: Instagram/sadvakasovamadina

 Қазақ эстрадасының жұлдызы Мадина Сәдуақасова құқыққорғау қызметкерлерінің қатысуымен келеңсіз оқиғаға тап болды. Өнер иесі нөмірсіз көлікті тізгіндеймін деп басы бәлеге қалған. Полиция қызметкерлері белгілі әншіні екі мәрте қуып, нөмірі жоқ темір тұлпарын айыппұл тұрағына алып кеткен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Мадина Сәдуақасова нөмірсіз көлікті жүргізгендіктен бірден тәртіп сақшыларының назарына іліккен. Өнер иесінің темір тұлпарын көре қалған бойда полицейлер оны тоқтата берген.

 

Белгілі әнші тапсырыс беріп қойған жаңа нөмірі келгенше қалада осы қалыпта жүре тұруды шешкен. Алайда, бұл ойы ақыр соңында іске аспаған.

 

Басынан өткен даулы жағдай туралы эстрада жұлдызының өзі Instagram парақшасында айтып берген.

 

"10 күн нөмірсіз өмірім! Байғұс көлігім не көрмеді , десеңізші, тұрған жерінен айыппұл тұрағына да алып кетті. Артымнан екі рет полиция қуып тоқтатты. Әр 100 метрден кейін қайта полицияның жігіттерімен сәлемдестім. Айыппұлдарды айтсаңызшы. Мен өзімді өте біртүрлі сезініп жүрдім, ақыр соңында, құрсыншы, мінбей-ақ қояйыншы, нөмірлері келгенше&ldquo деп қойып қойғанмын машинаны.

Бұрыңғы нөмерлерімді күту аясында ғой. Автокөлік жүргізушілері нөмірсіз 1 сағатта жүре алмайсыз. Тырыспаңыздар. Қандай береді соны ала берген дұрыс па деген ой да мазалады. Бірақ, сол 10 күн өтті, сағына күткен нөмерлерім келді. Енді бас көшелермен де емін-еркін жүре алатын болдым. МАИ қызметкерлері жарайсыңдар, көздерің бүркіттің көздері ма деп қалдым" , - деп жазды Сәдуақасова. 

 




Көрілген: 3338    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 12.10.2020, 13:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30