Сахнада анайы сөз айтқан атышулы рэпердің атыраулықтарды боқтаған видеосы тарады

10 маусым 2022, 23:43

Әлеуметтік желіде тараған видеодан оның ащы суға сылқия тойып алғаны анық байқалады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Жуырда Ақтөбеде өткен концертте ел алдында боқауыз сөзді қарша боратқан Нурик Смит тағы да қазнеттің қызу талқысына түсті. Бұл жолы танымал рэпер Атырауда өткен кеште былапыт сөздер айтқан.

 

Ғаламторда тараған даулы бейнетаспаға зер салсақ, боқауыз рэпердің гастрольдік сапары бірнеше аймақта жалғасқан. Бұл ролик Ақтөбедегі шулы концертінен кейін түсірілген екен. Желідегі жұрттың пайымдауынша, еліміздің батыс өңіріндегі қалалардың бірі болса керек. Ол сахнада еш қымсынбастан атыраулық тыңдармандарға анайы сөздерді айтқан.

 

Б*я, Атырауға барып... Ой, Атырау деппін ғой. Шешесінің а*ы, Атырау. Алматыға барып бәріне шағым түсіру керек. Мен кеше Ақтөбеге бардым. Ақтөбенің адамдары... — деді видеода рэпер жігіт.

 

 

Бұл видеоны көрген көпшілік атышулы рэперге кереғар пікірлерін жарыса жазып жатыр.

 

"Атыраудың жігіттері кез келген жерде орнына қойып тастайды", "Мына сөзден бұған Атырауға келу жоқ қой. Жігіттер тірі қалдырмасы анық", "Мына бала кім? Сахнада не істеп жүр? Билік қайда қарап отыр?", "Қасқа, ойланбай сөйлеген оңбай өледі", "Мәдениет министрі кетсін. Талап етемін", "Облыс әкімдері, мәдениет басқармалары не қарап отыр?", — деп ашынды желідегі жұрт.