Өркениет

Сәкен Майғазиев: Мұхамеджан Тазабековтің бұрын немен айналысқанында шаруам жоқ

  • Сәкен Майғазиев: Мұхамеджан Тазабековтің бұрын немен айналысқанында шаруам жоқ

    Сәкен Майғазиев: Мұхамеджан Тазабековтің бұрын немен айналысқанында шаруам жоқ

Мұхамеджан Тазабеков туралы дау желіде кең тарап кетті. Қоғам белсендісі Айгүл Орынбек Тазабековтың ұлттық арнада бағдарлама жүргізгеніне қарсы шықты. Бірі оның сөзін қостап, бірі қарсылық танытты. Бұл орайда Сәкен Мағазиев өз ойын ортаға салды.

Бұл туралы әнші Нартай Аралбайұлымен болған сұхбатында айтты. 

 Майғазиевтің айтуынша, желіде тараған ақпарат негізсіз. Тазабеков өзге ағым мүшесі, ол адасқан ілімді халыққа ұлттық арна арқылы таратпақ деген пікірмен мүлде келіспейді.

"Қазір Тазабеков жайлы әңгіме қызып тұр. Бұл бағдарламада мен де қонақ болдым. Бағдарлама кейбір кісілер айтқандай діни насихат жүргізбейді. Дін туралы айтпайды. Өз атауы айтып тұрғандай тәлім-тәрбие хақында. Мұхамеджан Тазабековпен 50 рет дастархандас болып, 20 рет сұхбаттасқан шығармын. Елім, жерім деген азамат. Қазаққа, дінге қарсы ешқандай қайшы әрекетін білмеймін. Керісінше жақсы дүниелерді насихаттап жүр", - деді әнші.

Айта кетейік, бұған дейін заңгер, қоғам белсендісі Айгүл Орынбек Тазабековтің ұлтты арнада жаңа жоба тізгінін алғанға қарсылығын білдірді. Бұл туралы желіде жазба жариялады. Жүн беттер енді ұлттық арна арқылы халыққа насихат жүргізбек деп ашық ойын айтты. Тазабеков пен заңгер екеуінің пікір-таласы желіде біраз уақыттан бері талқыланып келеді.

Танымал тұлғалар ішінде Тазабековты ақтап жатқандар жетерлік. Мұхамеджан мырзаның өзі де реті келгенде жауап айтып үлгерді. 

"Менің Мұхамеджан мырзаның бұрын немен айналысқанында шаруам жоқ. Бұрын сақал қойды екен деп бәрінен теріс айнала берсек, бүкіл қазақтан айырылмаймыз ба? Мен Тазабековты бастысы азамат ретінде, тұлға ретінде жақсы құрметтеймін. Оған жала жапқандарға қарсымын. Ол бағдарламада дін туралы бір нәрсе айтылмайды. Тәлім-тәрбие беру мақсаты тұр. Оны сыртынан ғайбаттап, өтірік әңгіме айтқандар жай ғана күйе жағып отыр", - деді Майғазиев ағына жарыла.




Көрілген: 901    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 14.10.2020, 18:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30