Өркениет

Сәкен Майғазиев сотталған әйелдермен кездесті

  • https://kz.otyrar.kz/

    https://kz.otyrar.kz/

Белгілі әнші Сәкен Майғазиев жазасын өтеп жатқан әйелдермен кездесті. Шымкентке шенеунік боп келген өнерпаз сотталған нәзік жандыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлау үшін, олармен бірге хит әндерін шырқады.

 

Сотталғандардың арасында Сәкен Майғазиевке ғашық нәзікжандылар көп екен. Олар сүйікті өнерпазынан қолтаңба алып мәз. Ал, түзету мекемесінің басшылығы мұндай кездесулер жазасын өтеушілер үшін оң әсер етеріне сенімді. Әнші мен әйелдердің кездесуінен бір мезет&hellip

 

 

Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Сәкен Майғазиев Шымкенттегі 167/4 түзету мекемесінде жазасын өтеушілермен кездесті. Сотталушылардың ең бірінші кезекте әйел екенін ұмытпауды сұраған өнерпаз бостандыққа шыққан соң теріс жолға түспеуді өтінді. Оннан астам келіншекпен ашық әңгіме жүргізген Сәкен Майғазиевтің қозғаған әңгімесінен сотталушылар тіпті көз жасына ерік берді.

 

Сәкен МАЙҒАЗИЕВ:

 

-          Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы МКҚК директорының міндетін атқарушы: «Өзін қорғаймын деп сотталып жатқандар бар. Намысын, азаматтық құқығын қорғаймын деп қаншама адам темір торға түсіп жатыр. Соның барлығы жүректі сыздатады. Қоғам сіздерді күтуде. Отбасыларыңыз, әулеттеріңіз күтуде сіздерді. Аман, есен оралыңыздар дегім келеді. Қиындықтарды еңсерейік, сіздердің осындағы сәл ауыртпашылықтарыңызды біз жеңілдетуге тырысайық.

 

Талай жыл белгілі «Музарт» тобында тәтті әуенмен құлақтың құрышын қандырып жүрген Сәкен Майғазиев Шымкентке шенеунік болып келді деген соң, түрме басшылығы әншіні кездесуге шақыртқан. Өнерпаз бірден келісе кетіпті. Мұндай кездесулер әйелдерге оң әсер етеді дейді түзету мекемесінің басшысы.

 

Карантинге байланысты барлық сотталушымен кездесу мүмкін болмаған соң, тек ең жас қыздар ғана шақыртылды. Мекеме басшыларының айтуынша жазасын өтеушілердің көбі өнерге бір табан жақын көрінеді. Жазасын өтеушілер бүгінде әншімен бірге қуана ән шырқады.

 

Айнұр БАҒЛАНБЕКҚЫЗЫ:

 

-          ИЧ-167/4 мекемесінің басшысы: «Қылмыстық атқару жүйесі мен прокуратурамен бірлесе осы тәрбиелік іс-шара өткізіп жатырмыз. Сотталғандар бостандыққа шыққаннан кейін қоғамға қосылуы керек. Ары қарай ҚР азаматы ретінде өздерін жақсы сезінуі қажет. Бұл 29 жасқа дейін азаматшаларға өткізіліп жатқан іс-шара».

 

Сотталғандар арасында Сәкен Майғазиевтің жанкүйерлері баршылық екен. Олар өнер иесіна алғыстарын жаудырып, қолтаңба алып жатты. Мекеме басшылығы да Сәкен Майғазиевке арнайы алғыс хат табыстап, гүл шоқтарымен шығарып салды.

 

 

 

kz.otyrar.kz

 




Көрілген: 2151    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.01.2021, 13:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31