Өркениет

Салтанат Бақаева хит әнінің авторымен болған жанжал жайлы айтты

  • Коллаж: KAZ.NUR.KZ

    Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Салтанат Бақаева басы дауға қалған "Әгугәй құрбым" әнінің авторына байланысты өз шындығын баяндады. Әнші қоғам арасында қызу талқыға түсіп, өзін әуре-сарсаңға салған оқиғаның бұлай шуға айналатынын білмеген деп жазады Тимур Балымбетовтің "Шыны керек" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.


Әншінің айтуынша, Назерке Семей о баста әннің сөзін Бақаеваға тегін берген.


"Шын мәнінде оның барлығынан өзім шок алдым. Мен үшін ол болмайтын жерден шыққан нәрсе болды. Бұл жайында еш жерде айтпағанмын. Мен осы сәтте қатты қобалжып, жыладым. Өйткені жүрегіме қатты тиді. Халық кейде пікірді аямай айтады ғой. Соны көтере алмадым.


Басында "Әгугай құрбым" әнін шығарғанда, құрбым ұзатылып жатты. Мен соған сыйлық жасайын деп, Ерхан Алданазаровқа хабарластым. "Ерхан, құрбым тұрмысқа шығып жатыр. Соған сыйлық жасайын" дедім. Ол "жарайды" деп, бірнеше күнде пайда болған ән. Шынымды айтсам, мен ол сәтте Назеркемен тіпті сөйлеспедім де. Ерхан "Бір қыз әннің сөзін тегін жазып береді. Жай жазып береді, танысым" деп айтты.


Мен тіпті ойланбадым да. Композитор тегін беруге келіскен соң, жазылып кеткен. Бұл ән жарты жылдан кейін халықтың көңілінен шығып, сосын мен бейнебаян түсірдім. Ән сол уақытта шыққан фильмнің саундтрегі болды. Менің ойымша, Назерке өзінің шешімін өзгерткісі келді. Осы әнмен жарты жылдан кейін қыздарды ұзата бастадым. Сол кезде Назерке Ерхан Алданазаров арқылы әннің минусын сұратты. Ол минусты алып, құрбыларын ұзатып жүрді.


Осыдан кейін тағы бір ән жазатын болдық. Сосын сөзін Назеркеге айтқанымда, ол ақы сұрады. Мен жеңілдік сұрағаныммен, ол келіспеді. Сосын маған басқа жігіт әлгі әннің сөзін тегін жазып берді. Мен Дулат Құйқас деген жігіттің сөзін алдым", - дейді актриса.


Ал арада біраз күн өткенде әншіге таныстары Назерке Семейдің видео-үндеуін көрсеткен.


"Бір күні таңертең сьемкаға жиналып жатырмыз. "Қара, Салтанат" деп маған видеоны көрсетті. Мен түсінбей, дереу Назеркеге хабарластым. Ал ол сол сәтте менің хабарласатынымды күтіп, дайындалып отырған. Менің бүкіл айтқан әңгімемді жазып алып, әлеуметтік желіге менің рұқсатымсыз таратқан. Бұл негізі заңсыз. Ол сотталмаса да, айыппұл төлеуі керек еді.


Мен "Назерке бұл саған не үшін керек? Сенде менің нөмірім бар. Маған хабарласып "Басында әнді тегін бердім. Қазір ол халықтың көңілінен шығып, ақша алып жүрсің. Енді содан мен де бірнәрсе алайын, төлеші" деген сияқты болса, мен сөйлесемін ғой. Ондай ұрыс шығарғанның себебін түсінбедім. "Қара пиар да - пиар" дейді ғой. Соның арқасында оның да, менің де желіде оқырманым көбейді. Бірақ маған мұндай хайптың керегі жоқ.


Мен есімімнің даудың арасында болғанын қаламаймын. Алайда оның шешімі басқаша болды. Тіпті оған көмек көрсеткен журналист әйел де менімен сөйлесіп, мені түсінді. Өйткені ол Назеркеде менің нөмірім болғанын, оның минусын алғанын, жағдайды бейбіт түрде шешуге болатынын білмеген. Мен онымен сөйлесу үшін Назеркенің ұшағының ақысын төлеп, осында шақырып алдым. Сөйлестік, оған гонорар төледім. Әрине ол қалаған ақы емес, одан сәл аздау", - деді әнші.


Сондай-ақ Салтанат Бақаева қазіргі таңда әннің авторлық құқығы өзінде екенін де жеткізді.


"Қазір бұл әннің авторлық құқығы менде. Бірақ мен ол кезде "Ән хит болып кетеді. Менен ақша сұрайды" деп ойламадым. Ерхан "Салтанат әнің хит болып кетті. Маған ақша берші" деп сұрамады ғой. Сондықтан бұл жағдай мені біраз шошытты.

Егер бұл менің қателігім болса, мен оны мойындайтын адаммын. Егер біреудің аяғын басып кетсем, затын сындырсам, міндетті түрде кешірім сұраймын. Болмаса затын алып беремін. Анам "Біреудің ала жібін аттама" деп үнемі айтып жүреді. Ал Назерке екеуміздің жағдайымызда одан не үшін кешірім сұрау керектігімді түсінбедім. "Тегін берем" деген әнін алғаным үшін кешірім сұрауым керек пе?


Бәлкім сіз айтарсыз? Ерхан айтсын, ол сол жағдайды бастан-аяқ біледі. Өзіне минус керек кезде ол Ерхан арқылы мені тапты. Ал мына жағдайда мені таппай қалды. Егер мен қателессем, мен оны мойындаймын. Ал мына жерде мен өз қатемді көріп тұрғаным жоқ", - дейді әнші.


Еске сала кетейік, Салтанат Бақаева мен жас ақынның арасындағы дау өткен жылы жұртты елең еткізген болатын. 




Көрілген: 778    Пікірлер: 0

бейсенбі, 23.05.2019, 17:46

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31