Санын ашып суретке түскен Мәдина Сәдуақасова сынға ұшырады (фото)

20 желтоқсан 2021, 19:41

Мәдина Сәдуақасова тағы да сынның астында қалды. Әнші жаңа образдағы суретін жариялаймын деп жұрттан оңбай сөз естіді, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Суретте әншінің жасыл түсті ерекше көйлегі денесіне жабысқан, саны ашық. Сәдуақасованың өзі арықтау жайлы сөз еткен. Ал оқырмандары оның жасына мұндай әрекеттің ерсі көрінетінін айтып, сынға алған.

 

"Белді қайдам, іш киіміңіз көрініп қалмасын", "Саныңды жапсай жалтыратпай", "Ата-енеңізден ұят болды, қанша жерден әнші болсаңыз да", "40-қа келіп, неше түрлі өнер шығарасыңдар-ау. Олжас инстада деп едің, ұят болды-ау, сәл ұзындау кимедің ба?", "Не киім мынау, сен жасөспірімсің ба?" - деп сынға алды желі қолданушылары.