Өркениет

Сара Амангелді: Жігіт үшін қатты арықтап, анорексияға шалдыға жаздадым

  • Фото: Instagram/amangeldieva_sara

    Фото: Instagram/amangeldieva_sara

Отандық танымал әнші әрі актриса Сара Амангелді бір ай ішінде 15 келі салмақ тастап, қатты арықтап кеткен кезін есіне алды. Әншінің мұндай қадамға баруына сүйген жігітінің сөзі әсер еткен болып шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Сара Амангелді ғашығының қалауын орындаймын деп өз денсаулығын құртып ала жаздаған. Өнер иесі аз уақытта көп салмақ тастап, анорексияға шалдығуға аз қалған екен. Бұл туралы ол "НТК" арнасындағы "Ревю" бағдарламасында айтып берді.

 

"Сегіз жыл бұрын, 16 жасымда толық едім. Ұл секілді болатынмын. Бір күні мен ұнатып жүрген жігітпен кездестім. Онымен сөйлессем екен дейтінмін. Кейін өзі жазды. Мен түскен киноны көріпті. Кездесуге шақырды. Кездесуде маған арықтау керек екенін айтты. "Егер сәл арықтасаң, ең әдемі қыз боласың" деді. Мен бұған ренжідім. Үйге барып жүгіре бастадым. Тамақ ішпей қалдым. Тіпті анорексия ауруына шалдыға жаздадым. Анам ұрысты. Психолог мұндай аурудан адам өліп кететінін айтты. Сол кезде өзімді қолға алып, тамақ ішіп, өз-өзіме келдім" , - деді Сара Амангелді.

 

Сонымен қатар, актриса өзіне сезімін білдіріп жүрген жігіттер көп болғанымен, өзі ұнатқан жігітті әлі кездестірмегенін жеткізді.

 

 

 

 




Көрілген: 2561    Пікірлер: 0

сенбі, 20.02.2021, 13:52

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30