Өркениет

Сара Амангелдінің сүйіктісі кім екені белгілі болды

  • https://www.instagram.com/amangeldieva_sara/?utm_source=ig_embed

    https://www.instagram.com/amangeldieva_sara/?utm_source=ig_embed

"Кешью" тобында өнер көрсетіп танылған Сара Амангелдінің сүйіктісі онымен бірге кино тұсаукесерінде ел алдына шығып, алғаш рет журналистерге сұхбат берді. Жас жігіт өнер ортасында жүрген жұлдызды арумен қалай танысқанын, оның жүрегін қалай жаулағанын айтып берді деп жазады "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.


Сара Амангелдінің жүрегін жаулаған жігіттің есімі Мұхамедсұлтан Зубайраев болып шықты. Белгілі болғандай, ер жігіттің әкесі - шенеунік, анасы - кәсіпкер. Ол жақын арада оқуын тәмәмдап, еңбек жолын енді бастады.


Мұхамедсұлтан әнші ғашығымен ғаламтордың арқасында танысып, табысқан.


"Сараны білетінмін. Ол мені қалай білсе, мен де оны сырттай білетінмін. Өте қатты танысқым келетін. Сырттай өте қатты ғашық болып жүретінмін. Кейін уақыт өте ойым іске асып, ғалам мені естіп, біз таныстық" , - деді жұлдыздың сүйіктісі.

Сара Амангелді өз кезегінде, жігіті оны несімен өзіне баурап алғанын жайып салды.


"Мен өзімнің сүйіктімді таптым. Құдай бізге бақ берсін. Көз тимесін. Әзірге менің сүйіктім бар. Мен оған қатты қуаныштымын. Мен оған сенгеннен, оған сенім артқан соң ғана оны елдің алдына шығарып, жария етуді жөн көрдім.

Мен оны сыртымнан білмейтінмін. Жақын танысқан соң, арманымдағы жігіт екенін түсіндім. Оның бойында ер адамға тән қасиеттер бар. Бірақ, маған біріншіден оның ақкөңілдігі ұнайды" , - деді әнші.


Айта кетейік, бұған дейін Сара Амангелдінің сүйіктісімен түскен суретін желіде жариялағанын жазған болатынбыз.


 




Көрілген: 1245    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 09.10.2019, 12:51

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30