Сатаев Назарбаев туралы жаңа фильмнің постерін көрсетті (видео)

17 қараша 2018, 20:00

Қазақстандық режиссер Ақан Сатаев "Көшбасшы жолы. Астана" фильмінің постерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Достар, мақтанышпен және қуанышпен "Көшбасшы жолы. Астана" фильмінің ресми постерін ұсынамын. Жуырда Еліміздің барлық кинотеатрында", - деп жазды режиссер Instagram парақшасында.

Ақан Сатаевтың хабарлауынша, фильмнің негізі елорданың құрылу тарихында. Оның айтуынша, фильмдегі оқиғалар 1994 жылдың шілдесінен бастау алады. "Барлық қатер мен қарама-қайшы пікірлерге қарамастан, астананы көшіруді бастау туралы шешім қабылданды. Күдіктерді, күмәншілдердің сынын, қаржылық қиындықтарды жеңіп, Президенттің басшылығымен бүкіл ел діттеген мақсатқа жетті", - деп жазды режиссер. Айта кетейік, бұған дейін Ақан Сатаев Президент туралы жаңа фильмнің кадрларын көрсетті.