Өркениет

Сәуле Әбілдаханқызы қызын балалар үйіне тастап кеткен деп өзін қаралағандарға жауап берді

  • © SN.kz

    © SN.kz

Белгілі журналист, «Ақжүніс» бағдарламасының жүргізушісі, қоғам белсендісі Сәуле Әбілдаханқызы Фейзбуктағы өзінің жеке парақшасында өзіне қатысты кезінде қызын балалар үйіне тастап кеткен деп жалған ақпарат таратқандарды сотқа беретінін айтты. Күні кеше ғана «365 инфо» сайты көп балалы аналардың құқығын қорғап жүрген Сәуле Әбілдаханқызының өзі көпбалалы емес екен және қызы Айзаны кезінде балалар үйіне өткізген, мектеп-интернатта тәрбиелеген деген мәлімет таратты.


«...аса құрметті өсекші блогер мырза және 365 инфо сайты, сіздердің бұл ақпараттарыңыз шындыққа жанаспайды және менің қызым детдом емес, яслиде болғанын бұрын талай сұхбаттарымда айтқанмын, мені жақсы білетін, менің сұхбаттарымды оқып, тыңдап жүрген халық үшін бұл жаңалық емес»,-деп жазған қоғам белсендісі ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.


Сондай-ақ, Сәуле Әбілдаханқызы жеке басына, ар-намысына тигендерді сотқа беретінін де айтқан.


«Сендерге менің ар-намысыма тиіп, жар салған жалған, жала ақпараттарың үшін кешірім сұрап, «ҚР БАҚ туралы» заңның 32 бабына сәйкес терістеме жазуға және осы материалды өшіруге 1 күн уақыт беремін. Олай болмаған жағдайда, жеке басыма, намысыма тиіп, жалған ақпарат таратқандарың үшін сотқа беретінімді мәлімдеймін. Қызым Айза да сендерді сотқа береді.


Абзал Құспан мырза, осы орайда сізге екі сұрағым бар:1. Бұл ақпарат жеке ар-намысқа тию болып санала ма? 2. Осындай күйе жағып, қаралаған ақпарат үшін сотқа бере аламын ғой?»,-дейді ашынған журналист.


sn.kz


 




Көрілген: 2923    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.04.2019, 18:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31