Өркениет

Сәуле Әбілдаханқызы: Ұлымның өлімінің артында кімдер тұрғанын тексеруге дәтім бармады, әруағы тыныш жатсын

  • Сәуле Әбілдаханқызы: Ұлымның өлімінің артында кімдер тұрғанын тексеруге дәтім бармады, әруағы тыныш жатсын

    Сәуле Әбілдаханқызы: Ұлымның өлімінің артында кімдер тұрғанын тексеруге дәтім бармады, әруағы тыныш жатсын

Журналист, тележүргізуші Сәуле Әбілдаханқызы ұлының қазасын жұмбақ өлім санайды. Алайда оны тексеруге жүрегі дауаламайды. Тележүргізуші өз ұлының қазасын мысал ете отырып Түркістандағы оқушы қыздың өліміне қатысты ойын жазды.

Тележүргізушінің айтуынша, баланы тек беспен оқуға мәжбүрлемеу керек. Ол ақылы толыспаған бала үшін психологиялық соққы. Үнемі бес деген баға алған бала үшті алып қалса, оған моральді түрде ауыр тиеді. 

 
"Түркістанда "дұрыс" баға алмағаны үшін суицид жасаған қыз туралы ақпарат әлемжелілерді кезіп жүр... Жап-жас балаға обал, әрине... арты қайырлы болсын!...

Бұл, ең алдымен, балаға психологиялық тұрғыда ата-анасы тым артық салмақ салып тәрбиелегендігінен болар деп ойлаймын... "Синдром отличника" – "Үздік оқушы синдромы" – жақсы "портрет" емес...

Өмірдің мәні – "бестік" бағада емес. Балаға "үштік, екілік" алуға да рұқсат беріңіздер, құрметті ата-аналар!..

Өзім алғашқы және соңғы "екілік" бағаны өз әпкемнің сабағынан алғанымды, сол "екілік" үшін әкем қып-қызыл күздік туфли сатып әпергені туралы жазғаным бар...

Ауылда "круглый отлишниса" боп, Алматыға келгенде анда-санда "үш" алып тұратын, толық "харашиске" айналған едім... Аттестатыма алгебрадан әлде геометриядан түскен жалғыз "үшім" бар, құдайға шүкір... Сол үшін оқу оқи алмай қалған жоқпын, сол үшін адамның қоры болған жоқпын, сол үшін байға тимей қалған жоқпын, сол үшін өмірден өз орнымды таппай қалған жоқпын...

"Дүниенің көп кетігінен өз орныңды таба білген “кірпіш" болу үшін аттестатыңда тек "бестік" болсын деген заң жоқ. Балаларыңызға соны ұқтырсаңыздар екен...

Біліксіз, сауатсыз, рухсыз "болашақтықтан" ауылдастарының жерін жыртып беріп алғысын алған мықты тракторшы бақытты!", – деп жазды.

Сәуле Әбілдаханқызы өз ұлының қазасын мысал етті. Жұмбақ өлім санайды. Алайда оны тергеп-тексеруге жүрегі дауаламайды. 

Балапандар аман болсыншы! Оларды барлық "негативтен" қорғайықшы!..Олардың өлімін "қару" ғып "пайдалану" да дұрыс болмас. Баламның өлімін "қару" қылсам, үш жыл бұрын мен "қару" қылған болар едім. Мен баламның өлімін "жұмбақ өлім" деп санаймын. Ар жағында кімдер тұрғанын, нелер тұрғанын тексеріп, журналистік зерттеу жасауға дәтім бармады. Әруағы тыныш жатсыншы. Иә, әрине, директор қысым жасаған болса, тексерілуі шарт.

Айта кетейік, желіде Түркістан облысындағы мектеп директоры 9-сынып оқушысын өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізді деген ақпарат тарады. Түркістан облысы Ордабасы ауданының тумасы Нұрдәулет Мықтыбеков есімді тұрғын мектеп директорының қарындасын өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізгені туралы айтып, әділдік сұрады. 

2018 жылдың 4 қаңтар күні Сәуле Әбединованың ұлынан айырылғаны туралы қайғылы хабарды дос-жарандары хабарлаған еді.




Көрілген: 1079    Пікірлер: 0

жексенбі, 13.06.2021, 13:25

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31