Өркениет

"Саят Медеуовтың үш әйелі бар": Журналист әншінің сырын ашты

  • "Саят Медеуовтың үш әйелі бар": Журналист әншінің сырын ашты

"Талантым-тағдырым" бағдарламасының Мақсат Базарбаевпен болған кезекті шығарылымында жүргізуші Анна Данченко Саят Медеуовтың үш әйелі барын айтып қалды, деп хабарлайды ақпарат агенттігі.Stan.kz

Мақсат Базарбаевпен өнердегі жұлдыздардың екі әйел алуы туралы әңгіме өрбітіп отырған Анна Данченко Саят Медеуовтың үш әйелі барын айтты.

 
"Өнерде жүрген бауырларыңыз бар. Сол кісілердің арасында екінші, үшінші отбасым бар деп айтатындары бар, айтпайтындары бар. Жария ететіндер де, етпейтіндер де бар ғой. Жасырын түрде. Сіздің өнердегі досыңыз, жерлесіңіз Саят Медеуов ағамыздың, менің білуімше, үш әйелі бар. Олар бір көшеде тату-тәтті тұрады. Ол кісі ашық айтпағанымен, көпшілік біледі. Қажеттіліктен туындаған дүние ме, әлде мүмкіндігі бар болғаннан кейін сөйтіп жасап жатыр ма, әйтеуір, бір көшеде үш отбасы тұрады. Балалары бір-бірімен араласады екен", - деген Данченконың пікіріне Мақсат былай деп өз ойын айтты. 

"Мен үшіншісінің бар дегенін сізден естіп отырмын. Екіншісінің бар екен білемін. Өйткені, Сәкең де көп нәрсені аша бермейтін кісі. Екінші жеңгеміз жақында ғана ұлды болды. Бірақ ол кісі сіз айтқандай ақшасы көптігінен емес, ұл қажет болған соң осылай жасады деп ойлаймын. Ал бірінші әйелінен қыз балалар", - деді Мақсат Базарбаев.

 




Көрілген: 6368    Пікірлер: 0

жексенбі, 27.09.2020, 23:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31