"Сені біреу зорлап кеткенін қалаймын" - Алматылық әзілкеш

24 қараша 2022, 16:17

Алматы полициясы көпшіліктің ашуын тудырған әзілкештің қорлайтын сөздеріне қатысты тексеру жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

“Алматы қаласының полиция Департаменті, қазіргі уақытта ПД-мен тексеру іс-шаралары жүргізіліп жатқанын, оның нәтижелері бойынша істің мән-жайын анықтап, ҚР заңнамасына сәйкес шешім қабылданатынын хабарлайды”; – делінген хабарламада.

 

Бұған дейін әлеуметтік желілерде  Анди Топалидис атымен танылған алматылық әзілкештің сахнада айтқан қисынсыз сөзі қызу талқыланды.

 

Өз сөзінде жігіт бір қызға жыныстық зорлық құрбаны болуды тілейтінін айтса, екінші бір қызға өлім тілегенін және бұл сөзін қатерлі деп санамайтынын ашық мойындаған.

 

Сондай-ақ, ол бұл мәлімдемелерді бұрын өзінің желідегі парақшасында жариялаған.

 

 

 

Залдағы көрермендер бұл сөздер үшін ол жауапкершілікке тартылуы тиіс екенін айтты.

 

Полиция қатысушының іс-әрекетіне құқықтық баға берілетінін атап өтті.