Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Серікбол Сайлаубек ән айтқанда қаруланған адамдар қоршап тұрған. ІІМ видеоны тексеріп жатыр

19 қараша 2018, 11:25

ҚР ІІМ өкілдері мерекелік шара ұйымдастырушалырының қару ұстаған адамдарды қатыстыруының себебін анықтап жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

"Қаруланған адамдардың күзетуімен өнер көрсетіп тұрған орындаушының видеосы Сарыағаш қаласында түсірілген. Алдын ала болжам бойынша, ұйымдастырушылар күзет агенттігін жұмылдырған", - деп хабарлады Қазақстан ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаев.

Оның айтуынша, қазіргі таңда тексеру жүргізіліп, оның мақсаты анықталып жатыр, содан кейін олардың және күзет фирмасының қызметкерлерінің әрекетіне баға беріледі. Айта кетейік, қазақстандық әнші Серікбол Сайлаубектің өнер көрсетуі әлеуметтік желі қолданушыларын таңғалдырды. Видео кадрларынан әнші мен көрермендер арасында қолдарында қаруы бар, оқ өтпейтін кеудеше киген адамдардың тұрғанын көруге болады. Қызу талқыға түскен видео әншінің Instagram парақшасында жарияланды. Серікбол Сайлаубек "тойға өзім барғам, өзім қайтқам" деп жазды. Сонымен қатар, ол үйлену тойында Юлдуз Усманова болған.