Өркениет

Серікбол Сайлаубекті жаңа жыл мереке қарсаңында жапан далада қалдырған кім?

  • Серікбол Сайлаубекті жаңа жыл мереке қарсаңында жапан далада қалдырған кім?

    Серікбол Сайлаубекті жаңа жыл мереке қарсаңында жапан далада қалдырған кім?

Жаңа жылдың жарқын сәттері! Арман Дүйсенов аталмыш мерекені жанұясымен қарсы алу үшін қандай қадамға барған? Ал Әли Оқапов мейрамды не үшін отбасынан жырақта өткізген? Жаңа жылды Қызылордада тойлаған Айқынды әбігерге салған не? Толығырақ Shownews.kz ақпараттық порталынан оқи аласыздар.

Жаңа жылды қай жан болсын, 365 күн бойы тағатсыздана күтеді. Әйтсе де, көңілді мереке қарсаңында отандық шоу-бизнестің өкілдеріне тағдыр түрлі тосынсыйлар әзірлеп, өнер иелері қызықты жәйттармен жолығатын көрінеді. Мәселен әр жылдың басын жақындарының жанында өткізуді жөн санайтын Әли Оқапов, екі жыл бұрын жалғыз өзі қарсы алыпты.

«Мен осыдан екі жыл бұрын 31 желтоқсан күні елордада болдым. Сөйтіп сахнада, мерекелік концерттің сценарийі бойынша дәл он екіге он минут қалғанда екі ән айтып, әрі қарай салют атылу керек еді. Бірақ уақыт жағынан бәрі созылып, жылжып кетті. Сөйтіп жартысы сахнада, енді бірі отбасымен, кейбіреулер далада тойласа, мен жалғыз, автобуста тоңып қарсы алғаным бар, – деп күліп еске алды Әли.

Ал, Арман Дүйсеновке жыл соңында кеш тізгіндеуге сұраныс артатын көрінеді. Алайда Дүйсенов мереке күні үнемі үйінен табылады. Себебі жаңа жылды отбасымен өткізуді құп көреді. Бір кездері 31 желтоқсанда өзге қаладан тапсырыс түсіп, шоумен той жүргізуге бала-шағасымен бірге барған.

«Бір жолы мені Ақтөбеде той өткізіп берсеңіз, және жаңа жылды сол жерде қарсы алсаңыз деп шақырды. Келісімімді бердім. Бірақ мен өзімнің отбасымды да алып барамын деп талап қойдым. Олар «жақсы, ендеше жанұяңызға да билет алып қояйық» деді. Содан қонақ үйдің жоғары жағында бала-шағам отыр. Астында мен той өткізіп жатырмын. Сағат он екі болды-ау дегенде, мына жақта адамдар алақайлап жатты. Сол кезде жоғарыға жүгіріп барып, жақындарымды құттықтап, беттерінен сүйіп, төмен түсіп әрмен қарай тойды жүргізіп кеткенім бар», – дейді Арман Дүйсенов.

Иә, ердің табысы түзде. Бүгінде төрт баланың әкесі Төлепберген, нәпақа табу ниетімен жаңа жылды жанұясынан жырақта қарсы алуды жиілеткен. Бас қаланың уақытымен жүруге еті үйренген әнші, сыр елінде сағат тілінің кері соғуының салдарынан, мейрам күні халықпен бірге әбден әуре-сарсаңға түсіпті.

«2019 жылды Қызылорда қаласында қарсы алдым. Бір қызығы, Қызылордада былтыр уақыт бір сағатқа ауысты да, мен де, қызылордалықтар да түсінбей қалды. Сол кезде ғана батыстың жаңа жылды қарсы алуы қиындау екенін ұқтым. Астана, Алматыда салют атып, ооо деп, президент құттықтап жатқан кезде батыста әлі жақта әлі он бір. Жарайды, Атырау, Ақтау үйреніп қалған ғой. Ал, Қызылорда жақта бірінші рет болды да, сөйтіп жартысы он бірде, екіншісі он екіде қарсы алып, түсінбей, қарбалас болып кетті», – дейді Айқын.

Иә, өнер иелерінің өмірі қызықты оқиғамен өріліп қоймай, үнемі жол үстінде өтетіні де бар. Мәселен «Ой, жеңге» әнімен көптің жүрегін баураған Серікбол да, жаңа жылды жанұясымен қарсы алуға асығады. Алайда әнші бір кездері қиындыққа тап болған.

«Бір кездері ауылдан қалаға шықтым. Алайда көлігіміз бұзылып, жаңа жылды жолда қарсы алғанмын. Сонымен мереке өтті, ал біз бір күндей тұрдық. Өйткені 31 желтоқсан күні тойлатқан адамдар ертесінде тұрмайды ғой. Звондаймыз, бәрінің ұялы телефоны сөндірулі. Жанымдағы жігітке, «ендеше күтейік, естерін жиып алсын» деп күлдім», – дейді әнші.




Көрілген: 865    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 01.01.2020, 11:57

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29