Өркениет

«Серілік с*кcке ауысып кетті» - Көпен Әмірбек (ВИДЕО)

  • «Серілік с*кcке ауысып кетті» - Көпен Әмірбек (ВИДЕО)

    «Серілік с*кcке ауысып кетті» - Көпен Әмірбек (ВИДЕО)

"Ертеде мына Ақансері, Біржан сал дегендер не үшін шықты, қазақтың рухын көтеру үшін, өнерін сыйлау үшін ғой, ол бір жаңағы жеңіл жүріске кетіп қалу емес, Сері деген жеңіл жүріс емес", - дейді 

Елімізге танымал сықақшы Көпен Әмірбек журналист Нартай Аралбайұлының Youtube арнасына сұхбат берді.

Сықақшы сұхбат барысында көптеген мәселелерге қатысты сұрақтарға жауап берді.

Оның ішінде:

"Ертеде мына Ақансері, Біржан сал дегендер не үшін шықты, қазақтың рухын көтеру үшін, өнерін сыйлау үшін ғой, ол бір жаңағы жеңіл жүріске кетіп қалу емес, Сері деген жеңіл жүріс емес.

Бүкіл өнері тұнып тұрған адамды - ол Сері деген. Сол баяғыда серілер келгенде не істеген, күтіп алады аттан түсіріп, тайын сояды , қойын сояды, ол түні бойы күні бойы  2-3 күн бойы ән салып, домбыра тартып, жұрттың көңілін көтеріп кетеді, атын мінгізеді, шапанын жабады, соны үйренгеннен кейін, біздің жігіттер, е сері деген жақсы "должность" екен ғой - деп қызыққаны сонша, сексен Сері болып жүріпті.

Бұрын бір сері жүрсе, сексен сері болған. Сол сексен Серіні ауыл күткен біздің қазақ. Сол бір күні сексен Серінің даңдайсығаны сонша , ауылға түспей анау қамыстың ішіне барып, аттарын байлап бізді осы жерден алып кетсін деген екен. 

Сонда бір қария айтты дейді: 

Е қыстанақ сол сексеннің бәрі Сері дейсіндер ма, қамыстың жан жағына от қойыңдар - депті. Лаулап жанған қамысты көргенде, сексен серінің жетпіс тоғызы қашып кетті де, біреуі ғана қапты. Өртеніп өлсемде Сері деген атымды жоғалтпаймын деген. Сонда су сеуіп, киіз басып, жалғыз Серіні күткен екен, одан кейін сексен сері деген аты жойылғанда , қайтадан нағыз Серілен келген.

Ал енді осыны қазір біз Сері дегенді бағанағы мазмұнын жойып алдық. Серілік - секске ауысып кетті ғой. Сонымен айналысса о мынау Сері дейді. Тіпті күлкілі нәрсе.",-деп сөзін аяқтады Көпен Әмірбек.

Caravan.kz




Көрілген: 2965    Пікірлер: 0

жұма, 30.07.2021, 13:15

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30