Өркениет

Іш киіммен түскен видеосын жариялаған Әсел Асқар желіні шулатты

  • Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

    Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Әлеуметтік желі арқылы қалың көпшілікке танылған Әсел Асқар ғаламтор кеңістігін тағы да шулатты. Әнші Бүркіттің қарындасы бұл жолы іш киіммен түскен видеосын жариялап елдің ашуын тудырған. Желідегілер Instagram жұлдызының жартылай жалаңаш бейнежазбасында ораза тақырыбын көтергеніне шүйліккен деп жазады KAZ.NUR.KZ.

 

Желіде қызу талқыға түскен видеода Әсел Асқар Рамазан айы кезіндегі және одан кейінгі уақыттағы келіншектердің образын көрсетуге тырысқан.

 

Алайда, оразадағы әйелдің кейпін сомдау үшін ол тек іш киім ғана киіп шыққан. Желі қолданушылары тұрмыстағы арудың бұл қылығын аса ерсі санап, оны аяусыз сөгіп тастады.

 

Олар Бүркіттің қарындасына қасиетті Рамазан айын жартылай жалаңаш образбен байланыстырғаны үшін ашуланған.

 

"Масқара, мүлдем сөзім жоқ" , "Қасиетті айды қорлап не көрінді?" , "Ораза аяқталғаны кеше ғана" , "Ұят қайда? Ата-енесінен ұялмайды ма?" , "Сұмдық, баласы мен жолдасы бар келіншектің ісі осы болғаны ма? Тұрмыстағы аруларға мұндай қылық жат болуы тиіс" , - деп жазуда көпшілік.

 

Еске сала кетейік, бұған дейін Әсел Асқар өзінен әлдеқайда үлкен қалталы азаматы бар аруларды жақтап шыққан болатын. Ол бастысы отбасы бұзылмаса болды деген пікір білдірген.

 

ВИДЕО:  www.instagram.com/assel.askar/

 




Көрілген: 1651    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 27.05.2020, 16:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    15 Маусым, 00:38
    Неге сонша бүліндік?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31