Өркениет

"Шайнектің астын жағудан басқа дым істей алмайтынмын": Әбдукәрімова келін болып түскен кезі жайлы

  • "Шайнектің астын жағудан басқа дым істей алмайтынмын": Әбдукәрімова келін болып түскен кезі жайлы

Жұлдыз Әбдукәрімова алғаш келін болып түскенде тамақ әзірлеуді білмегенін айтты. Ол тұрмысқа шығуға қорқатын қыздарға кеңесін айтып, өз тәжірибесімен бөлісті. Жұлдыз Tengrinews.kz сайтының Bizben Podcast жобасында сұхбат берді. 

Жұлдыз енесімен қалай тіл табысқанын әңгімеледі. 

 
"Ғашық болсаңыз, сүйгеніңізді дүниеге алып келген анасын да жақсы көресіз. Бала жақсы, ене жаман болмайды. Мен де келін болып түскен кезімде ештеңе істей алмайтынмын. Шайнектің астын жағудан басқа қолымнан түк келмейтін. Енеме айтып, басын ашып алғанмын. 

"Еш саспа, бәрін өзім үйретемін. Адамның жасағанын адам жасайды" деді. Сол сөзі әлі күнге дейін жадымда. Кез келген іс, жұмыс болсын, қиыншылық болсын, сол сөзді еске аламын. Сөйтіп үйреніп кеттім. Басында тұзы көп болып кететін, біресе жетпей қалатын. Бірақ қазір асты ең дәмді дайындайтын мен шығармын... Атам да, жолдасым да, балаларым да сүйсініп жейді", - дейді Жұлдыз.

Қазір не көп, өзіңді өзгертуге арналған курс пен марафон көп. Олардың бәрінің дерлік айтатыны: "Өзіңді өзгертсең, айналаң өзгереді". Алайда Әбдукәрімова бұл пікірмен келіспейді. 

"Өзіңді өзгерткен күннің өзінде, айналаңдағы екі адам өзгермесе, оған сен кінәлі емессің ғой. Оны бәрібір қабылдай алмайсың. Өзіңе зиян келмейтін адамдармен араласу керек шығар. Зияны келетін, пайдасы жоқ адамдармен шекараны сақтау керек", - деді ол. 


Бұдан бөлек, Жұлдыз отбасындағы ер мен әйелдің міндеттеріне қатысты ойын білдірді. 

"Тамақты анық әйел істеу керек болса, онда күйеуі асырасын. Айлығын берсін, азық-түлікке бөлек берсін. О бастан келісіп алу керек. 
Өз басым, күйеуімнің ас үйде жағаласып жүргенін ұнатпаймын. Не ол, не мен істейін. Өйткені біреу келіп тұз, біреу бұрыш салып кетсе, тамақ дәмсіз болады ғой", - дейді Әбдукәрімова. 




Көрілген: 552    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 13.09.2021, 13:56

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31