Өркениет

"Ішек-қарын тазалап, сиыр сауды": Джуринская мен Есеева батл ұйымдастырды

  • "Ішек-қарын тазалап, сиыр сауды": Джуринская мен Есеева батл ұйымдастырды

Жәния Джуринская мен Дана Есеева ерекше сайыс ұйымдастырды. Қос блогер сиыр сауудан, ішек-қарын тазалап, самаурын жағудан жарысты. Жұлдыздар бұл акцияны Емилия есімді бүлдіршіннің еміне ақша жинау үшін ұйымдастырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

2 жасар Емилияға жұлын-бұлшықет атрофиясы диагнозы қойылған. Күн өткен сайын оның тыныс алуы, жұтынуы және жүруі нашарлап барады. Оның өмірін сақтап қалу үшін құны миллиондаған ақша тұратын Zolgensma препараты қажет. Оны алуға Емилияның ата-анасының қаражаты жетпейді. Осы орайда қазақстандық блогерлер оған көмектесуді жөн көрген.

Дана Есеева мен Жәния Джуринская қайырымды акция аясында батл ұйымдастырды. Екеуі сиыр сауып, қора тазалап, ішек-қарын жуып жарысты. Соңында самаурын жағып, күйеулері мен Эмилияның отбасын шайға шақырды.

Желі оқырмандары екеуінің бұл әрекетіне риза болып, атсалысты. 1 тәулік ішінде 7 миллион теңгеге жуық ақша жиналды. Емилияның сауығып кетуі үшін әлі 444 597 959 теңге қажет. 




Көрілген: 596    Пікірлер: 0

бейсенбі, 30.09.2021, 11:27

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31