Шерхан Мұртазаның жалғыз ұлы өмірден өтті

27 шілде 2023, 19:04

Жазушы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның жалғыз ұлы Батылжан Шерханұлы қайтыс болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл қаралы хабар туралы журналист Бану Даулетбаева Facebook парақшасында жазды.

 

Шерхан Мұртазаның ұлы қайтыс болды деген хабар жетті. Жалғыз ұлы еді. Тұлпардың соңғы тұяғы..., – деп жазды ол.

 

Қазақстан жазушылар одағы бұл ақпаратты растап отыр.

 

Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаның жалғыз тұяғы Бақытжан Шерханұлы дүниеден озғаны жөнінде қаралы хабарды жеткіземіз.Жаназасы Самал-1 шағын ауданы, №16 үй, 7-пәтер 2023 жылғы 28 шілде күні сағат 10:00-де шығарылады, - деп хабарлады олар.

 

Жерлеу рәсімі Алматыдағы «Кеңсай-2» зиратында өтеді.

 

Айта кетейік, Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаның бір ұл, бір қызы бар. Ұлы - Батылжан Шерханұлы, қызы - Алма Шерханқызы.

 

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz