Шешендік сөздер

Шешендік сөздер

БАЙДАЛЫ МЕН ХАНЫМ
Абылай өлерінде Байдалы биді шақырып алып: «Жылым толған соң, маған ас береді, сол асты сен басқар»,— деп тапсырыпты. Ал Байдалы кедей болғандықтан Абылайдың асына мініп баруға 17 мың жылқы біткен Алда менен Жұманнан ат сұратып жіберсе, олар бермепті. Бұдан кейін өзінің бай інісіне жіберген екен. Ол «тоқсан сегізге келгенде қаңғырмасын, айдалада өліп қалса, берген атымды жат біреу босқа пайдаланып кетеді»,— деп ол да қолын қағыпты. Он бес мың жылқы біткен Игілік байға жіберсе о да бермепті. Ағайыннан күдер үзген соң, Ақмола базарына жіберіп бір жақсы ат сатып алдырған екен, ол аты көп ұзамай ауырып өліп қалыпты. Өстіп жүргенде ас өтіп кетіп, асқа жиылғандар ертең тараймыз деп отырғанда Байдалы келіпті. Абылайдың бәйбішесіне амандасамын деп, ханымның үйіне келіп, ханымға сәлем беріп қолын соза бергенде, ханым Байдалының қолын таяқпен қағып жіберіп:—«Шық үйден!» — деп ақырыпты. Сонда Байдалы би былай деген екен:
Қатын шайпау, ұл тентек Екеуледі, ей-ханым!
Уа, қиналды-ау, жаным!
Өтпес пышақ, шабан ат Төртеуледі, ей-ханым!
Уа, қиналды-ау, жаным!
Біріншіден, не жаман, ханым,
Біртіндеп ;«иған мал жаман, ханым...
Екіншіден, не жаман, ханым?
Ерегіскен ер жаман, ханым.
Уа, қиналды-ау жаным!
Үшіншіден, не жаман?
Үлгісіз пішкен тон жаман, ханым!
Төртіншіден, не жаман, ханым?
Төресіз оскен ел жаман, ханым!
Бесіншіден, не жаман, ханым?
Бесіктегі жас бала
Жетім қалса сол жаман, ханым?!
Алтыншыдан, не жаман?
Алты қанат ақ орда 
Иесіз қалса сол жаман, ханым!
Жетіншіден, не жаман, ханым? —
Желегі басынан түспеген,
Жаңа түскен келіншек,
Жесір қалса сол жаман, ханым!
Уа, қиналды-ау, жаным!
Сегізіншіден, не жаман, ханым?
Сергелдең болған жоқ жаман, ханым!
Тоғызыншыдан, не жаман?
Тоңқая масақ термеген,
Өз күнін өзі көрмеген 
Тоқсанға келген шал жаман, ханым.
Уа, қиналды-ау, жаным!
Оныншыдан, не жаман ханым?
Ұзындығы он табан,
Көлденеңі бес табан,
Қазулы тұрған көр жаман
 Уа, қиналды-ау, жаным!
Он біріншіден, не жаман, ханым?
Бәрін айт та, бірін айт,
Бәрінен де жоқ жаман, ханым!..
Жоқтық деген шіркін-ай,
Көрейін сені деп пе едім.
Көңілім саған не жаздым,
Айтқан сөзді кектедің,
Аяғым саған не жаздым,
Жүруге қалай шеттедің.
Қолым саған не жаздым,
Алуға қандай епті едің?
Жұдырықтай басымды,
Жиналып салдың базарға 
Бітті ме менен кектерің!

«Алаш айнасы»

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста