Өркениет

Ішімдікке салындым, ешнәрсе қызық болмай кетті: Алмат Сақатов қалыпты өмірге қалай оралғанын айтып берді

  • Ішімдікке салындым, ешнәрсе қызық болмай кетті: Алмат Сақатов қалыпты өмірге қалай оралғанын айтып берді

    Ішімдікке салындым, ешнәрсе қызық болмай кетті: Алмат Сақатов қалыпты өмірге қалай оралғанын айтып берді

Талантты актер, әйгілі "Бауыржан шоу" театрының мүшесі, әртіс Алмат Сақатов бүгіні мен өткені жайлы баяндады. Өмірдегі ең алғашқы сәттерде еске ала отыра бір күлді, бір мұңайды. Тентектік көп жасаған әзілкеш әке алдындағы парызын орындай алмағанын айтады.

Бұл туралы "Ең алғашқы" бағдарламасында айтылды. 

 
Алмат Сақатов "Бауыржан шоу" театры арқылы көпшілікке танылды. Актердің шырқау кезеңі де сол кезден басталады. Бойындағы бар таланты осы сәтте көрінді. Сахнада түрлі образды сомдады. Өзі тентек бала болды. Мектепте бұзық оқушы қатарында болғанын жасырмайды. 

"Мен бала күнімнен тентек болдым. Бұзықтығым көп еді. Шашыма химия салып бұйраладым. Құлағымды тесіп, сырға тақтым. Шашымды боядым. Менің істемегенім жоқ. Мен 30 жасқа дейін есім кірмеген адаммын. Ең алғаш Наташа деген қызды жақсы көрдім. 2-сыныпта Анар деген қызды ұнаттым. 9-сыныпта махаббаттың не екенін түсіне бастаған шақта бір қызды қатты жақсы көрдім. Ол мені ұнатқан жоқ. Мен оған сырттай ғашық болдым. Ол басқа жігітті ұнатты. Сол жігітке тұрмысқа шықты. Атын атамай-ақ қояйын. Сыныптастарымның бәрі біледі", - деді Сақатов. 

Достары Алмат мырзаны қыздарға жақын болғанын айтады. Қыздармен тез тіл табысқыш та, танысқыш та өзі болған. 

"Маған бала күнімнен өзге ұлттың қыздары ұнайтын. Талай тентектік жасадық қой. Үйленген соң да әкем мені үйден қуып жіберді. Келінім мен немерем үйде қалады, сен кетесің деді. Ақылды болсаң, өзің өмір сүр. Сен менің балам емессің деп ренжіді. Мен дұрыс адам болсам, әкем қазір тірі болар ма еді. Әкем жүректен кетті. Жүрек деген нәзік. Әкемнің алдында ешнәрсе істемеген екем. Мерейтойын жасамаппын. Кітабын шығармаппын. Мен жақсы бала, жақсы әке бола алмадым. Мен жақсы ата ғана бола алатын шығармын", - деді актер. 

Тентек бала болған Алмат мырза ата-әжесінің тәрбиесінде өскен. Бала күнін еске алған актер қызықты оқиғасының бірін айтты.

"Бала күнімде атамның ақшасын алып алдым. Үйге қалдырып кеткен екен. Арасынан 5 сом алдым. Ол кезде 5 сом көп ақша. Дүкенге барып мынаның бәріне ирис кәмпит беріңіз дедім. Дүкенші менің ұрлығымды біліп, бермей қойды. Кейін досымның үйіне барып ақшаны пешіне тығып қойдым. Үйге келсем, атам мен әжем айқайға басып жатыр екен. Досымның үйіне зуладым. Ақшаны алайын десем, пешінен түтін шығып жатыр. От жаққанда ақша өртеніп кетіпті", - деп күлді ол. 

Қарындасы Нұргүл Марат ағасының бір жылдары күйзеліске түсіп, ішімдікке салынып кеткенін мойындады. Одан шығар жол таппай қарындасының жаны ауырған. 

"Әкем ауырып қайтыс болды. Сол жылдары "Бауыржан шоу" тарап кетті. Сонда Алмат далада қалғандай болды. Керексіз адамның күйін кешті. Күйзеліске түсті. Ішімдікке салынды. Өмірі қызықсыз болып кетті. Психологке апардық. Жұбаттық. Түрі де жаман болып өзін тастап жіберді. Бұл әкемнің өмірден өткені, жұмыстың тоқтауы бәрі бір сәтте болған соң соққы болды", - деді қарындасы. 

Алайда актер есін жиып, ащы судан бас тартып, қалыпты өмірге оралғанын айтады.

"Күйеу балам мен қарындасым маған көмектесті. Шетелге киноға түсуге жібермек болды. Ол үшін ағылшын тілін оқытты. Сөйтіп алданып жүріп, күйзелістен арыла бастадым. Өмірдің басқа да қызықтары барын түсіндім. Тойға шықтым. Тойды арақсыз басқара алмайтын күйге жеткен едім. Ақыры ол жолдан шықтым. Біз чемпион болам деп жүргенде мүгедек болып қалған спортшының күйін кештік. Біз әртіспіз. Біз өнер адамымыз. Жанымыз нәзік. Өнерден ақша жасай алмаймыз. Содан болар", - деді Сақатов. 

Алмат мырзаның анасы әкесінің ұлдарына айтқан өсиетін айтты.  

"Әкесі өлер алдында ұлдарының басын қосып, өсиетін айтты. Алматқа  қадіріңді біл деді. Бағаң 100 теңге болса, 99 теңге үшін өз қадіріңді түсірме деді. 101 теңге алам деп асып кетпе. Ел сені бағаламайды. Көмек сұраған адамға шын көңіліңмен көмектес те сол сәтте ұмытып кет. Ал саған жасаған жақсылықты еш уақытта ұмытпа. Сонда өсесің, өнесің. Қолында 3 кәмпит болса, соның екеуін қарындасыңа бер. Біреуін әйеліңмен бөліп же деді. Ер азамат жыламайды. Ер азамат өмірде бір-ақ рет анасы өмірден өткенде ғана жылайды. Аналарыңды тыңдаңдар. Тыңдамасаңдар көрден тіріліп келем деді. Бұл әкесінің алғашқы және соңғы өсиеті еді", - деді Айтжамал Сақатова. 

Алмат Сақатов өзі ренжіткен барлық жаннан кешірім сұрады. 

"Биіктікке кетем деп, ағайыннан, достар, жақындарымнан айырылып қала жаздадым. Мен биіктіктен қорықпаймын. Оны көтере алмаудан қорқамын. Әкемді сағынам. Әкем - тірегім, анам - қолдаушым, қарындасым - ар-ожданым, әйелім - махаббатым", - деді актер. 




Көрілген: 3952    Пікірлер: 0

бейсенбі, 17.12.2020, 15:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28