Өркениет

Ішіне сурет салған аяғы ауыр әнші қыз сынға қалды (фото)

  • Ішіне сурет салған аяғы ауыр әнші қыз сынға қалды (фото)

    Ішіне сурет салған аяғы ауыр әнші қыз сынға қалды (фото)

Өткен жылдың қазан айында тұрмысқа шыққан "Кешьюдің" бұрынғы әншісі Элизат Берікова көпшілікке жалаңаш кіндігін көрсетіп, басы дауға қалды. Аяғы ауыр ару Instagram парақшасында көпшіліктен болашақ нәрестесінің жынысын дәл табуды сұраған деп жазады KAZ.NUR.KZ.


Бұрынғы әншінің жазбасына пікір қалдырғандар қатарында танымал өнер иелері де бар.


Алайда көпшілік Элизаттың бұл суретіне сыни пікірді көп жазылған.


"Негізі босанбай жатып, ішін бүкіл елге көрсету дұрыс емес", "Қазіргі қыздарда ұят деген қалмаған-ау! Өкінішті", "Қайын жұртың, үлкендер бар. Иман қалмады ғой. Мынауың ұят! Не десең де, қазақпыз! Мұсылманбыз. Ұяттың не екенін ұмыттық-ау!".


"Тіл-көз бар. Жүкті әйел сақтанып жүруі керек", "Шетелге еліктегенді қашан қоямыз", "Ұят екенін айтатын адам бар ма, өзі?!", "Жүкті кезінде ішін көрсету жақсы ырым емес", "Кім туылса да, дені сау болсын" деп жарыса жазды желідегілер.


Естеріңізге сала кетейік, Элизат Берікова өткен жылдың қазан айында жеті жыл кездескен жігітіне тұрмысқа шыққан болатын. 




Көрілген: 985    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.04.2019, 17:15

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31