"Шығар қылышыңды, қайрап берейін!" Бадықованың (кейіпкерінің) түнгі сөзі сыналды

25 қараша 2022, 14:43

Отандық сериалдар арқылы танымал болған актриса Дариға Бадықованың қатысуымен түсірілген толықметражды фильм қазір кинотеатрларда көрсетіліп жатыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

TikTok желісінде жақында шыққан отандық киноның бір көрінісі тарап кетті.

 

Видеода Дариға Бадықова ойнайтын кейіпкер "шығар ана қылышыңды, қайрап берейін" дейді.

 

Бұл сөз желідегі жұртқа ұнамай қалған болуы керек, олардың көбі сыни пікір жазған.

 

"Мына киноға үйдегілермен бармай-ақ қояйын", "Қазақ киносы не болып кеткен?", "Мына жері ұяттау болыпты", "Кинода ұят қалмапты ғой", "Неге бәрі ұят дейді, өмірде бар нәрсе ғой", "Не тәрбие мынау? Күлдіреміз деп бүлдіріп жүрсіңдер ғой" — деп жазыпты желідегілер.

 

 

Бұған дейін танымал актриса Дариға Бадықованың өзі "вип-қазақтардың рөлін ойнамайық" деп бойжеткендерді сынға алған еді.