Өркениет

Шымкент басшылығы танымал әншілерді неге қызметке шақырып жатыр

  • Шымкент басшылығы танымал әншілерді неге қызметке шақырып жатыр

    Шымкент басшылығы танымал әншілерді неге қызметке шақырып жатыр

2020 жылдың соңында Сәкен Майғазиев Шымкент мәдениет үйінің директоры міндетін атқарушы болса, жуырда Майра Мұхамедқызы қаладағы опера және балет театрының басшысы қызметіне тағайындалды. 

Әлеуметтік желіде Шымкент қаласында бірнеше белгілі өнер қайраткерінің лауазымды қызметке орналсуы ақызу та жатыр.лқыланып Бірі бұл жаңалықты жақсы қабылдаса, енді бірі "жұлдыздардың" бір жерге шоғырлану себебін біле алмай әлек болды. Sputnik Қазақстан тілшісі Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Есеноваға хабарласып, танымал әншілердің қызметке тағайындалуына не себеп болғанын сұрады.

"Туған жерге туыңды тік" демекші, өнер адамдары туған өлкесіне келіп, қызмет етіп жатса, айыбы жоқ деп ойлаймыз. Бұған дейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев миллион тұрғыны бар шуақты Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесін берді. Демек, сол атқа лайық мегаполис дәрежесінде қызмет атқарылуы тиіс", - дейді Есенова.
Айта кетейік, өткен жылдың соңында Сәкен Майғазиев Шымкент мәдениет үйі директорының міндетін атқарушы болса, Майра Мұхамедқызы қаладағы опера және балет театрының басшысы болды. Кейінірек әнші Ақбота Керімбекованың да мемлекеттік қызметке орналасу үшін дайындалып жатқаны хабарланды.

Басқарма басшысынан болашақта бұл тізімге тағы кімнің қосылуы мүмкін екенін сұрадық.

"Шымкенттегі мәдениет мекемелеріне танымал, беделді режиссерлерді, қоюшы режиссерлерді, мәдениет қайраткерлерін, өнертанушыларды жұмысқа шақыру жоспарда бар", - деп қысқа қайырды Есенова.

 Шымкенттің мәдениет басқармасы басқа өңірден келген өнер адамдарына қандай ұсыныс жасалғанын хабарлады. Сұқбат кезінде үй-жай, қызметтік көлікпен қамтамасыз ету жағы да сөз болды.

"Кез келген мекемеде қызметтік көлікпен қамтамасыз ету жағы қарастырылған. Басты ұсыныс пен жоспар легі мәдениет саласын дамыту, өз үлесін қосу төңірегінде болды", - деп жауап берді ол.

Қала әкімі қандай тапсырма берді
Мәдениет басқармасы басшысының айтуынша, Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов қаланың дамуына, оның ішінде мәдениет саласының жаңа қарқын алуына баса назар аударып отыр. Тіпті театрдың репертуары да оңтүстік өлкенің тарихынан сыр шертіп тұруы керек.

"Мұрат Дүйсенбекұлы (Әйтенов &ndash Sputnik) қаламыздың даму концепциясына үлкен көңіл бөліп отыр. Көптеген нысан жөндеуден өтіп, жаңа өзгерістер болып жатыр. Мұның барлығы, әрине, халық игілі үшін істеліп жатқан жұмыс. Алайда кез келген жаңа өзгеріс руханиятты дамытуды талап етеді. Осы орайда мәдениет саласын дамытуға да бірқатар тапсырма берілді", - деді Ханзада Есенова.
Қазір тапсырманы орындау мақсатында жұмыс жүріп жатыр. Қаладағы кітапхана, театр, концерттік ұйымдарға ерекше назар аударылған. Театрдағы қойылымның өзі оңтүстік өңірдің ерекшелігін айқындайтын болады. Сондай-ақ, мегаполис тұрғындары үшін әлемдік классика да қойылады, деп толықтырды басқарма басшысы.

"Былтыр Шымкент ТМД-ның мәдени астанасы статусына ие болды. Алайда панедемияға байланысты жоспарланған іс-шараларды толығымен жүзеге асыра алмадық. Дей тұрғанмен қаладағы 19 мәдениет мекемесі 1 700-ден астам әртүрлі форматтағы іс-шараны онлайн өткізді. Қаламыздың 2 200 жылдық мерейтойын былтыр атап өтуге мүмкіндік болмады. Ел тыныш, жұрт аман болса, осы жылы мерейтойды өткізу жоспарлануда", - деді Есенова.

Сонымен қатар елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақталса, Наурыз мейрамы мен қала күні де дүркіреп өтеді. Негізгі іс-шаралар осы екі күнге жоспарланған. Басқарма басшысының айтуынша, 2021 жылдың қазан-қараша айында ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде Шымкент тарихын көрсететін іс-шара өткізу жоспарланған.

Айта кетейік,  бұған дейін әнші Сәкен Майғазиев отбасымен бірге Шымкентке көшетінін хабарлады. Сонымен қатар Шымкент қаласы мәдениет үйінің директоры қызметіне кірісуіне не себеп болғанын айтып берді.

 Sputnik. 




Көрілген: 2835    Пікірлер: 0

сенбі, 16.01.2021, 23:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31