Өркениет

«Шырша құрмаймыз, отшашу да шашпаймыз»: Әншілер Жаңа жылды қалай қарсы алады?

  • «Шырша құрмаймыз, отшашу да шашпаймыз»: Әншілер Жаңа жылды қалай қарсы алады?

    «Шырша құрмаймыз, отшашу да шашпаймыз»: Әншілер Жаңа жылды қалай қарсы алады?

Жаңа жыл мерекесі өнер адамдары үшін қызу жұмыс күні. Сол себептен де бірі концертте жүрсе, енді бірі той-томалақта жүреді екен. Алайда, Жаңа жылды тойламайтын да өнер иелері бар. Олар үйлеріне шырша тігіп, арнайы дастархан жаймаймыз дейді. Бұл туралы Stan.kz тілшісі әншілермен сұхбаттасып көрген еді.
Қыдырәлі мен Қарақат Жаңа жыл мерекесін мүлдем тойламайды екен. Тіпті үйдегі балалары да бұл күні Аяз атадан сыйлық күтпейтін көрінеді.

«Жаңа жылда елдер үйлерін безендіріп, кәдімгідей дайындалып жатады. Бірақ біз содан кішкене алыстап жатқан сияқтымыз. Біз шырша құрмаймыз, отшашу да шашпаймыз. Балаларды да әуестендірмейміз. Жаңа жыл біз үшін тек демалыс күні ғана. Бала-шағамызбен Бурабайға барып қайтамыз. Біздің балалар Аяз атаға хат жазбайды, бірнәрсе сұрамайды да. Бізде тек Жаратқаннан сұрау бар. Беретін тек – Алла, тілегін орындайтын әкесі мен анасы бар. Сондықтан алдамшы дүниемен алданбаймыз», – дейді Қыдырәлі мен Қарақат.

Ал Жанболат пен Жазира Жаңа жылда өткен жылды шығарып салу мерекесі деп біледі. Олар осы күні ешқайда шықпай, отбасымен бірге болғанды жөн көреді екен.

"Өнер адамдары болған соң да, Жаңа жылды кейде халықтың ортасында қарсы алып жатамыз. Ал кей жағдайда отбасымызбен бірге боламыз. Әртүрлі жағдай болып жатады. Бірақ мейлінше, бала-шағаның ортасында қарсы алғанды құп көреміз", – дейді Жанболат.

Ерболат Құдайбергеновтің ата-анасы Қанат және Айткүл Құдайбергеновтер болса, Жаңа жыл мерекесін атап өткенді құп көреді.

«Жаңа жыл қыс мерекесі. Бұрыннан келе жатыр. Балалар үшін де қуанышты күн. Күнтізбенің жаңаратын күні. Сол себептен де Жаңа жылды қарсы алмау мүмкін емес. Біз бұл мерекені отбасымызбен қарсы аламыз. Дегенмен де негізгі жаңа жылымыз ол – Наурыз», – дейді Айткүл Құдайбергенов.
Мирас пен Құралай «Жаңа жыл мұсылман қауымның мерекесі емес» деп тойламайтындар қатарынан емес екендерін жеткізді.

«Кейбірі Жаңа жыл мұсылмандардың мерекесі емес деп тойламай жатады. Дегенмен де біз осы күнтізбемен өмір сүреміз. Сол себептен де өткен жылды шығарып салып, неге жаңа жылды қарсы алмаймыз? Дұға жасап, келесі жылға жақсы тілектер айтпасқа? Сол себептен оны тойлауда жаман нәрсе көріп тұрған жоқпын. Келесі жыл құтты болсын! Жақсылық алып келсін дегім келеді!», – дейді Мирас пен Құралай.




Көрілген: 388    Пікірлер: 0

бейсенбі, 02.01.2020, 18:30

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29